«Жайықтың қаһарман қыздары» атты республикалық онлайн конференция

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі Мәншүк Мәметова мемориалдық музейінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 4 наурыз күні Халықаралық әйелдер күніне орай  «Жайықтың қаһарман қыздары» атты республикалық онлайн конференция өтті.

«Ауғаныстан – жазылмаған жара»

2021 жылдың 16 ақпан күні М.Мәметова мемориалдық музейінде Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 32 жыл толуына орай «Ауғаныстан – жазылмаған жара» атты шара өтті.  Шараға Ауғанстан соғысына қатысқан ардагерлер Б.С.Ғабделов, Ж.Б.Телеупов, А.В.Боровский, С.Н.Пунгин қатысты.

«Батыс Қазақстан облысы Сталинград майданының жақын тылы»

БҚО мәдениет басқармасының қолдауымен БҚО тарихи-өлкетану музейінің бөлімі М.Мәметова мемориалдық музейінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 2 ақпан күні Сталинград қаласының неміс-фашист басқыншыларынан азат етілгеніне 78 жыл толуына «Батыс Қазақстан облысы Сталинград майданының жақын тылы» атты халықаралық онлайн конференция өтті.

«Сәулелі  із  қалдырған  ғибратты  ғұмыр»

18 желтоқсан 2020 жылы сағат 11.00-де Батыс Қазақстан облыстық тарихи - өлкетану музейінде ғалым, геология - минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі, Қарашығанақ кен орнын алғашқы ашушы, ІІI дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері, «Орал қаласының құрметті азаматы» Сухан Мақсотұлы Камаловтың туғанына 85 жыл толуына арналған «Сәулелі із қалдырған ғибратты ғұмыр» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.

«Жошы ұлысы мен Еділ-Жайық өңірі: ортағасырлық мұра – тарих толқынында» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция

2020 жылдың 25 қараша күні БҚО тарихи-өлкетану музейі ұйымдастыруымен Алтын Орданың 750 жылдығына орай «Жошы ұлысы мен Еділ-Жайық өңірі: ортағасырлық мұра – тарих толқынында» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.

«Ұлы Хәкім Абайдың әлемі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция

2020 жылдың 3 қараша күні БҚО тарихи-өлкетану музейі ұйымдастыруымен ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы Хәкім Абайдың әлемі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.

Туған өлке – тұнған шежіре

Облысымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру  жалғасуда. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің тарих және археология бөлімі «Батыс Қазақстан облысының киелі нысандарын кешенді зерттеу және оларды заманауи технологиялар арқылы насихаттау» жобасы бойынша жұмыстануда.

«Мәншүк - біздің мақтанышымыз»

2020 жылдың 2 қазанында М.Мәметова музейінде  қазақ халқының қаһарман қызы М.Мәметованың туғанына 98 жыл толуына арналған «Мәншүк - біздің мақтанышымыз» атты шара өтті. Шараға тыл және еңбек ардагерлері, көп балалы, көп ұлтты «Ару аналар» ансамблі қатысты.

«Табиғаттың көркем сыйлары ерекше қорғалады!»

Табиғат және экология музейінде «Қорықтар мен Ұлттық саяжайлар» күніне арналған «Табиғаттың көркем сыйлары ерекше қорғалады!» атты экологиялық шара өтті. Шараға «Балбөбек» балабақшасының тәрбиеленушілері қатысты. Балаларға «қорық», «саяжайлар» туралы  әңгіме түрінде мағұлматтар бере отырып,  оларға табиғат сұлулылығын  аялай білуге тәрбиелеу   мақсатында өткен шарада балалар табиғат туралы  әндер  жанылтпаштар,  мақал-мәтелдер айтып,   би биледі. 

Page 4 of 8

Жемчужина қоры

Билет сату

Мұрағат

December 2024
Mo Tu We Th Fr Sa Su
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5

Жол жүру сұлбасы

Әлеуметтік желілер

       

Copyright © 2011-2019. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі