Музей бөлімдері

Қор бөлімі

Мемлекеттік есепті ұйымдастыру, музей құндылығының сақталуын қамтамасыз ету- бөлімнің басты міндеті. Қор бөлімі музей заттары мен музей коллекциясын есепке алу, музей заттары мен музей коллекциясын идентификациялау, олардың қалыпты сақталуын, тұрғылықты жерін жедел қарастыру, құрамындағы өзгерістері және сақталуын бақылау, ғылыми зерттелу мен тиімді пайдалануын ұйымдастыру, барлық түскен музей заттары мен музей коллекциясын уақытылы тіркейді.

Барлық музейішілік актілерді, қабылдау мен тұрақты және уақытша пайдалануға беру актілерін ресімдейді, негізгі және уақытша қор түсімдер кітаптарын жүргізеді, түгендеу өткізудің мерзімін бақылайды, барлық музейішілік тапсыруларға, музей заттарының түгендігін анықтайтын жоспарлы және жедел тексерулер жүргізеді, ағымдағы іс-қағаздарын жүргізуді, есепке алу-сақтау құжаттарын, музейдің негізгі (бас) картотекасын жүргізеді.

Қор бөлімі музей құндылықтарының сақтаушысы ретінде музей заттары үшін барлық материалдық жауапкершілік жүктеледі.

Экспозиция және көрмені жабдықтау бөлімі

Музей экспозициясының тарихи-хронологиялық, кешенді-тақырыптық, өзектілік принциптері бойынша орналасуына жауап береді. Экспозиция материалдарын топтау жұмыстарымен айналысады. Экспозициялық материалдарды жинақтап, жәдігерлерді, деректерді және әдебиеттерді зерттеп, тақырыптық құрылым бойынша кеңейтілген «Тақырыптық Ғылыми тұжырымдама» құрастырады. Экспозициядағы ғылыми-көмекші материалдарға: этикетаж, мәтіндерді орналастыруға және олардың экспозициядағы роліне жауап береді. Музей қорына жәдігерлер жинап, оларды зерделеп, зерттеп, ғылыми рәсімдеу жұмысымен шұғылданады. Музейдегі көрме қызметін атқарады. Музей қорындағы жиналған коллекцияларды ашу мақсатында музей көрмесін жобалап, ғылыми –тақырыптық концепция дайындап, тақырыптық, арнаулы күндерге арналған көрмелерді жабдықтап, көрермен назарына ұсынады.

Көпшілікпен жұмыс және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімі

Бөлімнің негізгі қызметі - экскурсиялық бағдарламаларды жасап, музей залдары мен галереяларының тақырыптары бойынша әдістемелік құжаттарды дайындап, экскурсияларды, лекцияларды, жылжымалы көрмелерді және кешенді шараларды ұйымдастыру.

Бөлім қызметкерлері қала мен облыстың оқу орындарымен, туристік және басқа да мекемелермен қатынастарды нығайтып, музей экспозицияларына, көрмелеріне, экскурсия мен лекцияларға, кешенді мәдени-көркемөнер және мәдени-ағарту бағларламаларға келушілерді тарту.

Конференция, семинар, оқулар, ғылыми отырыстарда, ғылыми кеңестерде ғылыми баяндамалар және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарламалармен шығып, Қазақстан тарихы мен өлке тарихын насихаттау.

Ғылыми-әдістемелік бөлімі

Ғылыми-әдістемелік бөлімі музей ішілік бөлімдермен, музейдің қаладағы және аудандарындағы филиалдарымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Бөлім қызметкерлері аудандық филиалдардың тәлімгерлері (кураторлар). Бөлім өз жұмысынды музей жұмысы деңгейін көтере отырып, музей ісінің бүгінгі күн талабына сай жүруіне (менеджмент, маркетинг, мониторинг) ықпал жасайды. Ғылыми-әдістемелік бөлімі облыстық музейдің ішкі бөлімдерінің оның филиалдарының жылдық жоспарларының уақытында жасалып көрсетілген мерзімде тапсырылуын, облыстық музейдің жылдық жоспарының белгіленген мерзімінде бекітілуіне жауапты. Жыл бойына музей ішілік бөлімдер мен филиалдарда атқарылған жұмыстары бойынша сараптама жасап отырады. Бөлім жанынан құрылған үйірме жұмыс жасайды. Үйірме жұмысы балаларды ата-баба тарихымен терең таныстыру, көненің көзі жәдігерлермен жұмыстану оларды зерттеп-зерделеу. Әр түрілі тарихи-тағылымды шаралар, зияткерлік сайыстар, дөңгелек үстелдер жас ұрпақты өз елін, оның тарихын сүйіп, қадірлеп-қастерлеуге, ел болашағы жастардың бойында патриоттық рухты қалыптастыруды мақсат тұтады. Бөлім, музей қабырғасынан шығатын басылымдарға (буклеттер, кітап, журнал, әдістемелік құралдар) жауапты. Әр басылым мәтінінің сауатты, дұрыс жазылуын қадағалап, тексеріп көрсетілген мерзімде басылымға жіберіліп отырылуы тиіс. Қаладағы мекемелер, мектептер жанындағы қоғамдық музейлермен байланыста болып, олармен жүйелі түрде жұмыстанып, әдістемелік көмектер көрсетіп отыру бөлімнің негізгі жұмыстарының бірі. Бөлімнің жоспарына сай, музей филиалдары, қоғамдық музейлер үшін әр түрлі тақырыптарда іс-тәжірибе алмасу бағытындағы семинарлар, музей сағаттары, әдістемелік негізде дөңгелек үстелдер мерзімді өткізіп тұрады. Облыстық мәдениет басқармасына, жыл бойына музей бөлімдері мен филиалдарының жоспарға сай атқарған жұмыстары жөнінде апталық, айлық тоқсандық, есептерін уақытында беріп отыру бөлім жұмысының міндеті. Бөлім жыл соңында бір жылда музейде атқарылған жұмыстар жөнінде жылдық есеп береді.

Жемчужина қоры

Билет сату

Мұрағат

April 2024
Mo Tu We Th Fr Sa Su
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5

Жол жүру сұлбасы

Әлеуметтік желілер

       

Copyright © 2011-2019. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі