Музей жылнамасы

Музей жылнамасы

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің жылнамасы ХІХ ғасырдың 30-жылдарынан басталады. Бұл туралы мұрағаттық деректерде: «1836 жылы Орал қаласында әскери училище жаңа ғимаратта өз жұмысын бастады. Училище Жарғысының ҮІІ бөлімінде: «Кітапханашы, әрі ол музейді қараушы.Училище музейіндегі заттардың сақталуына жауап береді» - деп жазылған.

1836 жыл. Музей Орал әскери училищесі жанында училище мұғалімі мен М.К. Курилин мен Г.С. Карелиннің қатысуымен құрылған. Музей Орал әскери оқу орнында, кейінірек көркем және графикалық факультет, қазіргі уақыттағы “Пушкин” қонақ үйі ғимаратында орналасқан.
“Пушкин” қонақ үйі
1870 жыл. Музей Оралдың реальдық оқу орны, қазіргі Жаһанша Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледж ғимаратына көшірілген.
Орал педагогикалық колледж
1889 жыл. Музей қорында 2045 экспонат болған.
1906 жыл. Музей училище жанынан Орал казак әскери музейі болып бөлініп, екі қабатты ғимаратқа шығады. Кейін онда балалар ауруханасы болды.
1920 жыл. Орал казактарының әскери-тарихи музейі негізінде тарихи-өлкетану музейі құрылды. Музей халыққа білім беру губерниялық (округтік) бөлімінің қарауында болған. Ол “Қызыл таң”, қазіргі “Гагарин” кинотеатрының екінші қабатында бірнеше бөлмелерде орналасқан.
1941 жыл. Ұлы Отан соғыс жылдарында музей жабылып, музей ғимараты Краснодар қаласынан көшірілген партия мұрағатына берілді.
1947 жыл. Музей өз жұмысын қайтадан бастады.
1969 жыл. Музей екі ғимаратта орналасты: біріншісі – Архангел Михаил шіркеуінде (кеңес өкіметіне дейінгі кезең); екіншісі – Құтқарушы Христос ғибадатханасында (өлкетану бөлімі).
1977 жыл. Музейге үшінші ғимарат берілді: тағайындалған атамандар үйінде, қазіргі Ішкі Істер Бөлімінің әскери ауруханасының бір бөлмесінде әдебиет бөлімі ашылды.
Ішкі Істер Бөлімінің
1980 жыл. Музейге төртінші ғимарат берілді. Музей 1879 жылы орыс–қырғыз мектебіне арнап салынған архитектуралық ғимаратқа көшіріліп, осы ғимаратта күні бүгінге дейін орналасуда. Осы жылдары музей ең үздік белгімен марапатталып Бүкіл Одақтық ауыспалы Қызыл туына ие болды.
Орыс–қырғыз мектебі
1983 жыл. Құтқарушы Христос ғибадатханасындағы бөлім негізінде Орал облыстық атеизм және планетарий музейі ашылды.
Құтқарушы Христос ғибадатханасы
1990 жыл. Атеизм музейі жабылды.
1991 жыл. Архангел Михаил шіркеуінде орналасқан кеңес өкіметіне дейінгі кезең бөлімі тарихи-өлкетану музейінің ғимаратына көшірілді.
2005 жыл. Музей қорында 104 000 жәдігерлер жинақталған.
2007 жыл. Облыстық музей жанынан «Кеңес Одағының Батыры М.Мәметова музей-үйі», орыс жазушысы «М. Шолохов атындағы музей кешені» мен «Табиғат және экология музейі» жеке музейлер ретінде бөлініп шықты. Музейге облыс аудандарынан «Көктерек ауылының тарихи-өлкетану музейі», «Дина Нұрпейісова атындағы өнер тарихы музейі», «М.Мералиев атындағы Қаратөбе аудандық тарихи-өлкетану музейі» сияқты жаңа филиалдар қосылды.
2008 жыл. Музей қорында 98 037 жәдігерлер жинақталған.
2009 жыл. Музей қорында 100 031 жәдігерлер жинақталған.
2010 жыл. Музей қорында 101 018 жәдігерлер жинақталған.
2011 жыл. Музей қорында 101 949 жәдігерлер жинақталған.
2012 жыл. Музей қорында 102 691 жәдігерлер жинақталған.
2013 жыл. Музей қорында 121 143 жәдігерлер жинақталған.
2014 жыл. Музей қорында 127 901 жәдігерлер жинақталған.
2015 жыл. Музей қорында 130 367 жәдігерлер жинақталған.
2016 жыл. Музей қорында 136 942 жәдігерлер жинақталған.
2017 жыл. Музей қорында 142 005 жәдігерлер жинақталған.

Жемчужина қоры

Билет сату

Мұрағат

March 2024
Mo Tu We Th Fr Sa Su
26 27 28 29 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Жол жүру сұлбасы

Әлеуметтік желілер

       

Copyright © 2011-2019. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі