ХVІІI ғасырдағы сәулет өнерінің туындысы және құнды тарихи ескерткіш болып саналатын Е.И.Пугачев музей-үйі қала тұрғындары мен қонақтардың қызығып келетін орны. Емельян Пугачев музейі тарихи құнды деректер жинаумен шұғылданған орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин және жазушылары мен зерттеушілерінің назарын аударған мекен. 1967 жылы бұл үйде кітапхана орналасса, 1991 жылдан бастап тарихи ескерткіш ғимараты облыстық тарихи-өлкетану музейінің қарамағына берілді.
Мұнда орыс-казактардың тұрмыстық бұйымдары мен қару-жарақтарының түпнұсқалары, тулар, зеңбіректер, құнды патша сыйлықтары орын алған, көтеріліске арналған сериялық шығармалар топтастырылған. Орал қаласында өткен тарихи оқиғалардың куәгері болып саналатын Е.Пугачев музей-үйіндегі жүздеген жәдігерлер – өлке тарихы мен Жайық казактарының тұрмыстық келбеті мен өзіндік ерекшелігінің айшықты белгілерінің бірі..
Музей меңгерушісі – Атаньязова Гүлбағира Ерсайынқызы.
Мекен-жайы: Орал қаласы, Достық даңғылы 35.
Байланыс телефоны: 8 (7112) 26 49 86.