ҚР «Мәдениет туралы» Заңы

Осы Заң Қазақстан Республикасында мәдениеттi жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк және ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

  1. көркем құндылықтар - шығармашылық қызмет нәтижесiнде жасалған мәдениет және өнер туындылары;
  2. көтермелеудiң салалық жүйесi - саланы дамытуға қосқан үлесi үшiн мәдениет және өнер қызметкерлерiн моральдық ынталандыру нысаны;
  3. Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасы - мемлекеттiк маңызы бар және өзге мемлекеттерге беру құқығынсыз Қазақстан Республикасына ерекше тиесiлi мәдени құндылықтар жиынтығы;
  4. мәдениет - адамзат жасаған әрi жасайтын және жеке адамның жарасымды дамуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының отаншылдығын тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттерi мен мүдделерiн қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы;
  5. мәдениет қызметкерi - кәсiби қызметi мәдени құндылықтарды сақтаумен, дамытумен, таратумен, пайдаланумен және оларға азаматтарды баулумен байланысты болатын жеке адам;
  6. мәдениет саласындағы әлеуметтiк мәндi iс-шаралар - республикалық деңгейде және шет елдерде есте тұту және мерейтой күндерiн, мәдениет күндерiн, фестивальдер, байқаулар, конкурстар, көрмелер өткiзу жөнiндегi iс-шаралар және көрнектi мемлекет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру;
  7. мәдениет саласындағы қызмет - мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың және азаматтардың мәдени құндылықтарды жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану, сондай-ақ оларға азаматтарды тарту жөнiндегi қызметi;
  8. мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясат - мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға арналған, мемлекеттiк органдар қабылдайтын шаралар кешенi;
  9. мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыратын орталық атқарушы орган;
  10. мәдениет ұйымдары - қызметiнiң негiзгi нысанасы мәдениет саласындағы қызметтi жүзеге асыру болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар;
  11. мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттау - мәдениет ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiк деңгейiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн айқындау мақсатында өткiзiлетiн рәсiм;
  12. мәдени құндылықтар - зайырлы және дiни сипаттағы мәдени мұра заттары, сондай-ақ тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәнi бар құндылықтар;
  13. мәдени қызмет субъектiлерi - мәдениет саласындағы қызметке қатысушы мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар және азаматтар;
  14. ұлттық мәдени игiлiк - Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген, ел тарихы мен мәдениетi үшiн айрықша мәнi бар мәдени құндылықтар;
  15. ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң айрықша режимi - тарихи-мәдени мұра объектiлерiн сақтау, ұстау, қалпына келтiру, қорғау және пайдалану жөнiнде мемлекет қабылдайтын шаралар;
  16. Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi (бұдан әрi - Мемлекеттiк тiзiлiм) - ел тарихы мен мәдениетi үшiн айрықша мәнi бар ұлттық - мәдени игiлiктiң тiзбесi;
  17. шығармашыл қызметкер - кәсiби немесе әуесқой шығармашылық қызметi көркем құндылықтар жасауға, әдебиет пен өнер туындыларын орындауға немесе түрлендiруге (тәржiмалауға) бағытталған жеке адам;
  18. шығармашылық қызмет - кез келген нысанда және кез келген тәсiлмен көркем құндылықтар жасауға немесе әдебиет пен өнер шығармаларын түрлендiруге (тәржiмалауға) бағытталған қызмет;
  19. шығармашылық одақ - мәдениеттiң бiр немесе бiрнеше жанры кәсiби шығармашыл қызметкерлерiнiң өздерiнiң жеке мүшелiгi негiзiнде құрылатын қоғамдық бiрлестiгi.

2-бап. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасы

  1. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
  2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясат принциптерi

Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясатының негiзгi принциптерi:

  1. мәдениеттi мемлекеттiк қолдау, Қазақстан Республикасы азаматтарының мәдениет саласындағы қызметiн жүзеге асыру және мәдени өмiрге қатысу құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау;
  2. азаматтардың өз мүдделерi мен қабiлеттерiне сәйкес кәсiби де, кәсiби емес те (әуесқойлық) негiздегi шығармашылық қызметiнiң еркiндiгi;
  3. азаматтардың мәдени құндылықтарды жасаудағы, қайта түлетудегi, сақтаудағы, дамытудағы, таратудағы және пайдаланудағы құқықтары мен мүмкiндiктерiнiң теңдiгi;
  4. тарихи және мәдени мұраны қорғау және олардың дамуында сабақтастықты қамтамасыз ету;
  5. қазақтың ұлттық мәдениетiнiң тұтастығын сақтау және өзара байыту факторларының бiрi ретiнде шет елдерде тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту;
  6. қазақ халқының және этностық диаспоралардың тарихи мұрасын сақтау, қоғамның шығармашылық әлеуетiн дамыту және молайту үшiн құқықтық кепiлдiктер жасау;
  7. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен шығармашылық одақтарға, өзге де қоғамдық бiрлестiктерге бiрiгу еркiндiгi;
  8. балаларды, оқушы жастарды ұлттық және әлемдiк мәдени құндылықтарға баулуға, эстетикалық және отаншылдыққа тәрбиелеуге ықпал ететiн тәрбие жүйесiн дамыту;
  9. нарық жағдайларында жұмыс iстеуi үшiн қолайлы орта қалыптастыруда мәдениет ұйымдарына жәрдемдесу болып табылады.

4-бап. Мемлекеттiң мәдениет саласындағы негiзгi мiндеттерi

Мемлекеттiң мәдениет саласындағы негiзгi мiндеттерi:

  1. мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
  2. Қазақстан Республикасы халқының мәдениетiн қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;
  3. азаматтарды эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;
  4. мәдени құндылықтарға еркiн қол жеткiзудi қамтамасыз ету;
  5. халыққа мәдени қызмет етудiң мемлекеттiк ең төменгi стандарттарын белгiлеу;
  6. мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;
  7. дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;
  8. мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, топтық-тектiк және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездiкке және зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгiттеуге жол бермеу жөнiнде шаралар қолдану;
  9. мәдени құндылықтардың заңсыз әкетiлуiне және әкелуiне, оған меншiк иесi құқығының басқаға заңсыз берiлуiне тосқауыл қою, оларды кез келген заңсыз иеленуден қайтарып алуға шаралар қолдану;
  10. мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшiн жағдайлар жасау;
  11. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, азаматтардың ұлттық - мәдени бiрлестiктерге қатысу еркiндiгiн, мәдениет ұйымдарын құруды, шетелдердегi отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзiндiк ерекшелiгiн қорғау және дамыту құқықтарын iске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

 

2-тарау. Мәдениет саласындағы мемлекеттiк басқару

5-бап. Мәдениет саласындағы қызметтi мемлекеттiк басқару

  1. Мәдениет саласындағы мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкiлеттi орган және жергiлiктi атқарушы
    органдар жүзеге асырады.
  2. Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысады.

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi:

  1. мәдениет, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және iске асыруды қамтамасыз етедi;
  2. мәдениеттi дамытудың салалық (секторлық) бағдарламаларын бекiтедi;
  3. мәдениет саласындағы қызметтi реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады;
  4. мемлекеттiк мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсiби көркем және шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе берудiң тәртiбi мен шарттарын бекiтедi;
  5. мәдениет саласындағы мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтер көрсету ережелерiн айқындайды;
  6. Ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбi мен шарттарын бекiтедi;
  7. мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру ережелерiн бекiтедi;
  8. мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде шешiм қабылдайды;
  9. әлеуметтiк - экономикалық даму бағдарламаларында мәдениет саласындағы басым бағыттарды ескередi;
  10. мәдениет саласында мемлекеттiк стипендиялар беру тәртiбi мен ережелерiн белгiлейдi;
  11. мемлекеттiк мәдениет ұйымдарына, жекелеген көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудiң тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады;
  12. Қазақстан Республикасынан әкетiлетiн және оған әкелiнетiн мәдени құндылықтарға сараптама жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.

7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган:

  1. мемлекеттiк және салалық (секторлық) бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады, Қазақстан Республикасы халқы мәдениетiнiң дамуы үшiн жағдайлар жасайды;
  2. мәдениет саласында ғылыми бағдарламалар әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
  3. мәдениет ұйымдарының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлейдi;
  4. мәдениет саласында ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудi және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады;
  5. ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерiнiң айрықша режимiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
  6. Қазақстан Республикасының аумағында тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөнiнде, сондай-ақ елдiң көрнектi мәдениет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiнде iс-шаралар ұйымдастырады және Ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi;
  7. театр, музыка өнерiн, кинематографияны, кiтапхана және мұражай iсiн дамыту жөнiндегi республикалық маңызы бар мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының қызметiн қолдайды және үйлестiредi, мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз етедi;
  8. мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
  9. мәдениет саласында әлеуметтiк мәндi iс-шаралар өткiзудi жүзеге асырады;
  10. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен мәдениет және өнер қайраткерлерiне Қазақстан Республикасының құрметтi атақтарын және мемлекеттiк наградаларын беру туралы ұсыныстар енгiзедi;
  11. көтермелеудiң салалық жүйесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
  12. шығармашылық қызметтiң түрлi салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар, сыйлықтар мен жүлделер тағайындайды;
  13. ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының жанрлық бейiмдiлiгiн және қызмет тегiн айқындайды;
  14. мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiнiң санаттарына үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарын әзiрлейдi және бекiтедi;
  15. мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттау ережелерiн бекiтедi;
  16. республикалық мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттаудан өткiзедi;
  17. барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерiн қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн ұйымдастырады;
  18. халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы қызметтi жүзеге асырады және үйлестiредi;
  19. шығармашыл қызметкердiң мәртебесiн растайтын сертификат беру тәртiбiн бекiтедi;
  20. Қазақстан Республикасының мұражай қорын қалыптастыру және ұстау тәртiбiн бекiтедi;
  21. көркемдiк-сарапшы кеңестер туралы ережелердi бекiтедi;
  22. мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге және әкелуге белгiленген тәртiппен рұқсат бередi;
  23. Мәдени құндылықтарды әкету және әкелу жөнiндегi сарапшы комиссия туралы ереженi бекiтедi;
  24. мемлекеттiк және салалық (секторлық) бағдарламаларды iске асыру жөнiнде қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
  25. өз құзыретi шегiнде республика (ауылдық, кенттiк, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметiн үйлестiредi, меншiк нысандарына қарамастан, мәдениет мәселелерi бойынша шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
  26. дарынды жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды iздестiрiп, қолдауға бағытталған бағдарламалар әзiрлейдi;
  27. музыка және театр өнерi саласында репертуарлық саясатты үйлестiредi;
  28. көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгiлi) атағын беру ережесi мен тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;
  29. ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң айрықша режимi бойынша сарапшы комиссия құрады;
  30. отандастармен мәдени байланыстардың дамуына жәрдемдеседi.

8-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының құзыретi

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы:

  1. мәдениет саласында өңiрлiк даму бағдарламаларын әзiрлейдi және олардың орындалуын қамтамасыз етедi;
  2. театр, музыка және кино өнерi, мәдени-демалыс қызметi, кiтапхана және мұражай iсi саласында облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады, сондай-ақ олардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
  3. театр, музыка және кино өнерiн, мәдени-демалыс қызметiн және халық шығармашылығын, кiтапхана және мұражай iсiн дамыту жөнiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының қызметiн қолдайды, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) мекемелерiнiң мәдениет саласындағы қызметiн қамтамасыз етедi;
  4. шығармашылық қызметтiң түрлi салаларында облыстық (өңiрлiк) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткiзудi ұйымдастырады;
  5. облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану, сондай-ақ елдiң көрнектi мәдениет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
  6. мәдени құндылықтарды әкету және әкелу жөнiнде сарапшылық комиссия құрады;
  7. статистикалық байқаулар жүргiзедi және уәкiлеттi органға белгiленген нысанда статистикалық есептер ұсынады;
  8. облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзудi жүзеге асырады;
  9. облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының қызметкерлерiн аттестаттаудан өткiзедi;
  10. өз құзыретi шегiнде мәдениет саласындағы коммуналдық меншiктi басқаруды жүзеге асырады;
  11. облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мәдени мақсаттағы объектiлерiнiң құрылысы, реконструкциясы және жөнделуi бойынша тапсырысшы болады;
  12. тарихи-мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;
  13. шығармашыл қызметкердiң мәртебесiн растайтын сертификаттарды белгiленген тәртiппен бередi.

9-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының құзыретi

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:

  1. театр, музыка және кино өнерi, кiтапхана және мұражай iсi, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметiн қолдауды және үйлестiрудi жүзеге асырады;
  2. жергiлiктi маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн есепке алу, қорғау және пайдалану жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
  3. ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сауықтық мәдени-бұқаралық iс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бiрлестiктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткiзудi жүзеге асырады;
  4. статистикалық байқауларды жүзеге асырады және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органына белгiленген нысанда статистикалық есептер ұсынады;
  5. ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттаудан өткiзедi;
  6. өз құзыретi шегiнде мәдениет саласындағы коммуналдық меншiктi басқаруды жүзеге асырады;
  7. ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдени мақсаттағы объектiлерiнiң құрылысы, реконструкциясы және жөнделуi бойынша тапсырысшы болады;
  8. мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетедi.

{mospagebreak}

3-тарау. Азаматтардың мәдениет саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

10-бап. Азаматтардың мәдениет саласындағы шығармашылық қызметке құқықтары

  1. Азаматтардың өз қабiлеттерiне сай бұл қабiлетiн жұмсау саласын, iске асыру нысандарын өздiгiнен таңдау және кәсiби бiлiм алу жолымен шығармашылық қызметпен айналысуға құқығы бар.
    Шығармашылық қызметпен айналысу кәсiби негiзде де, кәсiби емес (әуесқой) негiзде де жүзеге асырылуы мүмкiн.
  2. Азаматтарды мәдени құндылықтарға баулу құқығы қамтамасыз етiледi. Осы құқықтың шектелуi ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң айрықша режимiмен ғана айқындалуы мүмкiн.
  3. Кәсiби және кәсiби емес (әуесқой) шығармашыл қызметкерлер зияткерлiк меншiк, өз еңбегiнiң нәтижелерiне иелiк ету еркiндiгi, мемлекеттiң қолдауы құқықтары саласында тең құқылы.
    Азаматтардың кәсiби және кәсiби емес (әуесқой) шығармашылық қызметi ұжымдық немесе жеке негiзде жүзеге асырылады.
  4. Әрбiр азаматтың мәдени құндылықтардың меншiк иесi болуға құқығы бар. Жеке меншiктi алу, пайдалану және оған иелiк ету Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
  5. Әрбiр азаматтың өзiнiң шығармашылық қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдерге шығарып, көрмелер ұйымдастыруға немесе өзге де жолдармен ұсынуға және iске асыруға құқығы бар.

11-бап. Азаматтардың мәдениет саласындағы мiндеттерi

Азаматтар:

  1. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға; 2) тарихи және мәдени мұраны сақтауға қамқорлық жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн, табиғи құндылықтарды қастерлеуге;
  2. мәдениеттi, мемлекеттiк тiлдi және басқа да тiлдердi, қазақ халқының және этностық диаспоралардың әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерiн құрметтеуге мiндеттi.

12-бап. Мемлекеттiң азаматтардың мәдениет саласындағы қызмет құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерi

  1. Мемлекет мәдени өмiрге қатысу, мәдени құндылықтарға қол жеткiзу, мәдениет және өнер мамандықтары бойынша бiлiм алу құқықтарын қамтамасыз ету жолымен азаматтардың мәдениет саласындағы қызмет құқықтарына кепiлдiк бередi.
  2. Мемлекеттiк органдар бұқаралық ақпарат құралдарында және мәдениет ұйымдарында Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасын насихаттауға ықпал етедi.

{mospagebreak}

4-тарау. Шығармашыл қызметкерлердiң және мәдениет қызметкерлерiнiң, шығармашылық одақтардың және кәсiби емес (әуесқой) шығармашылық бiрлестiктердiң құқықтық мәртебесi

13-бап. Шығармашыл қызметкердiң мәртебесi

  1. Шығармашылық одақтың мүшесi - шығармашыл қызметкердiң мәртебесiн өз құрылтай құжаттарына сәйкес осы одақ растайды.
  2. Шығармашылық одақтарға мүше емес шығармашыл қызметкердiң мәртебесi сертификатпен расталады.
  3. Кандидаттың шығармашылық қызметi шығармашыл қызметкер сертификатын алуға негiз болып табылады.

14-бап. Шығармашыл қызметкердiң және мәдениет қызметкерiнiң құқықтары мен мiндеттерi

  1. Шығармашыл қызметкердiң:
    1) жария етiлуi немесе жоғалуы өзiнiң шығармашылық қызметтi жүзеге асыруға байланысты мүдделерiне нұқсан келтiретiн немесе келтiруi мүмкiн ақпаратты қорғауға;
    2) өз қызметiне үшiншi тұлғаларды тартуға;
    3) мәдениет саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға қатысуға; 4) шығармашылық және кәсiби мүдделерi бойынша қоғамдық бiрлестiктерге, қауымдастықтарға және одақтарға кiруге;
    5) шығармашылық қызметтi жүзеге асыру үшiн мұрағаттарға, кiтапханаларға, мұражайларға және басқа да мәдениет ұйымдарына еркiн баруына құқығы бар.
  2. Мәдениет қызметкерi:
    1) кәсiптiк, шығармашылық одақтарға және басқа да қоғамдық бiрлестiктерге кiруге;
    2) кәсiби қызметiн жүзеге асыру үшiн жағдайлардың қамтамасыз етiлуiне;
    3) егер мемлекеттiк емес мәдениет ұйымының қызметкерi болса, мемлекеттiк бюджет немесе жұмыс берушiнiң есебiнен бiлiктiлiк деңгейiн арттыруға;
    4) мемлекеттiк бюджеттiң немесе жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қайта даярлықтан өтуге;
    5) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен қосымша және үстеме ақыға құқығы бар.
  3. Шығармашыл қызметкер және мәдениет қызметкерi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.

15-бап. Шығармашыл қызметкерлердi және мәдениет қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғау

  1. Қызметi зиянды (айрықша зиянды) еңбек жағдайларымен, қатерге бас тiгумен және кәсiптiк аурулар қаупiмен байланысты шығармашыл қызметкерлердi және мәдениет қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғау және сақтандыру, сондай-ақ оларды зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
  2. Қазақстан Республикасының құрметтi атақтары мен мемлекеттiк наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлердi және мәдениет қызметкерлерiн, сондай-ақ аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлердi мемлекеттiк қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен мәдениет саласындағы мемлекеттiк стипендиялар тағайындалады.

16-бап.Шығармашылық одақтар

  1. Мәдениет саласындағы бiрлескен күш-жiгердi талап ететiн шығармашылық қызметтi жүзеге асыру үшiн ерiктi негiзде шығармашылық одақтар құрылуы мүмкiн.
  2. Қазақстан Республикасында республикалық, өңiрлiк және жергiлiктi шығармашылық одақтар құрылып, жұмыс iстеуi мүмкiн.
  3. Қазақстан Республикасы облыстарының тең жартысынан астамының аумағында құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар, қызметiн Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жүзеге асыратын шығармашылық одақ республикалық деп танылады.
  4. Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан аз аумағында құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар шығармашылық одақтар өңiрлiк деп танылады.
  5. Қызметi бiр облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында жүзеге асырылатын шығармашылық одақтар жергiлiктi шығармашылық одақтар деп танылады.
  6. Шығармашылық одақтардың халықаралық шығармашылық ұйымдармен қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ халықаралық шарттарымен реттеледi.
  7. Шығармашылық одақтарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

17-бап. Шығармашылық одаққа мүшелiк

  1. Шығармашылық одақтың жарғысында белгiленген талаптарға сай келетiн шығармашыл қызметкердiң шығармашылық одаққа кiруге құқығы бар.
  2. Шығармашылық одақтың жарғысында кандидаттарға және мүшелерге қойылатын талаптар азаматтардың мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарына нұқсан келтiрмеуге, олардың құрамына тиiстi шығармашылық кәсiптердiң неғұрлым бiлiктi өкiлдерiнiң бiрiгуiне, олардың кәсiби және шығармашылық өсуiне ықпал етуге тиiс.

18-бап. Кәсiби емес (әуесқойлық) шығармашылық бiрлестiктер мен ұжымдар

Кәсiби емес (әуесқойлық) шығармашылық бiрлестiктер мен ұжымдар азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, мәдениет ұйымдарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың бастамасы бойынша құрылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс iстейдi.

{mospagebreak}

5-тарау. Мәдениет саласындағы қызмет

19-бап. Мәдениет саласындағы қызметтi ұйымдастыру

Мәдениет саласындағы қызмет театрлардың, филармониялардың, оркестрлердiң, цирктердiң, студиялардың, мектептердiң, шеберханалардың, орындаушылық ұжымдардың, мұражайлардың, кiтапханалардың, көркемөнер салондары мен галереяларының, кинотеатрлардың және киноқондырғылардың, мәдени-демалыс ұйымдарының, зерттеу және реставрациялау орталықтарының, мәдени-тарихи орталықтардың, тарихи-мәдени және табиғат қорықтарының, аймақтарының және басқа да мәдениет ұйымдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жолымен жеке және заңды тұлғалардың мәдени құндылықтарды жасауы, насихаттауы, таратуы, пайдалануға беруi және қорғауы арқылы жүзеге асырылады.

Мәдениеттiң дамуы үшiн өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын мәдениеттi дамыту қорлары құрылуы мүмкiн.

20-бап. Мәдениет ұйымдары

  1. Мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
  2. Мәдениет ұйымдары қызметiнiң түрлерiн олардың құрылтайшылары айқындайды және бұл олардың жарғыларында көрiнiс табады.
  3. Өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын мәдениет ұйымдары мемлекеттiк, мемлекеттiк емес және халықаралық ұйымдар болуы мүмкiн.

21-бап. Мәдениет ұйымдарының мәртебесi

Мәдениет саласындағы қызметiнiң айрықша мемлекеттiк және қоғамдық мәнi бар мемлекеттiк мәдениет ұйымдарына, жекелеген көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берiлуi мүмкiн.
"Ұлттық" мәртебе берудiң тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

Өз саласында жетекшi болып табылатын мемлекеттiк мәдениет ұйымдарына жекелеген кәсiби көркем және шығармашылық ұжымдарға ұлттық мәдениет пен өнердi қалыптастырудағы, дамыту мен насихаттаудағы елеулi үлесi үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiткен тәртiппен "Академиялық" мәртебе берiледi.

Мемлекеттiк мәдениет ұйымдары жекешелендiруге жатпайды.

22-бап. Театрлар

  1. Театрлар - әдебиет және өнер туындыларының сахналық көрсетiлiмдерiн (драмалық, музыкалық-драмалық, музыкалық, хореографиялық, қуыршақ, пантомима, сатира және юмор, балалар мен жасөспiрiмдерге арналған, жастарға арналған, эксперименттiк және өзгелерi) жүзеге асыратын ойын-сауық ұйымдары.
  2. Театрлар меншiк нысанына қарамастан көркемдiк бағыттар, репертуар таңдауда, әдебиет және өнер туындыларын көпшiлiк алдында орындау туралы шешiмдер қабылдауда, сахна туындыларын жасауда және танымал етуде, сондай-ақ тиiмдi шығармашылық және өндiрiстiк даму үшiн қажеттi, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де қызметтi жүзеге асыруда ерiктi.
  3. Азаматтарды мәдени өмiр саласына тарту мақсатында халықтың театр iс-шараларына қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi ұсынуға байланысты шығындарды жабуға мемлекеттiк театрларға бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгiленген тәртiппен субсидиялар бөлiнедi.

23-бап. Концерттiк ұйымдар

  1. Концерттiк ұйымдар - әдебиет және өнер туындыларын көпшiлiк алдында орындауға және көркемдiк ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал етуге жағдайлар жасау үшiн шаралар кешенiн iске асыратын ойын-сауық ұйымдары.
  2. Концерттiк ұйымдардың негiзгi мiндеттерi музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, көркемдiгi жоғары бағдарламалар мен нөмiрлер жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету, кәсiби көркемдiк ұжымдар мен жекелеген орындаушылардың концерттерiн ұйымдастыру, музыкалық-ағартушылық қызметтi жүзеге асыру болып табылады.
  3. Концерттiк ұйымдар шығармашылық бағдарламалар жүргiзуде және репертуар таңдауда дербестiкке ие.
  4. Республика азаматтарын мәдени өмiр саласына тарту мақсатында республика халқының барлық жiктерiнiң концерттiк iс-шараларға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету жөнiнде қызметтер ұсынуға, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнердi насихаттауға байланысты шығындарды жабуға мемлекеттiк концерттiк ұйымдарға мемлекеттiк бюджеттен Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен субсидиялар бөлiнедi.

24-бап. Кiтапхана iсi

  1. Кiтапхана iсi - мiндеттерiне кiтапханалар желiсiн құру және дамыту, олардың қорларын қалыптастыру және өңдеу, кiтапхана пайдаланушыларға кiтапханалық, ақпараттық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетудi ұйымдастыру, кiтапхана мамандарын даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру, кiтапханалардың дамуын ғылыми және әдiстемелiк қамтамасыз ету кiретiн мәдениет саласы.
  2. Кiтапхана - ақпараттық, мәдени, бiлiм беру функцияларын орындайтын, баспа және қолжазба құжаттарының ұйымдастырылған қоры, сондай-ақ графикалық, дыбыстық-көрiнiс материалдары, электронды жеткiзгiштерде құжаттары бар және оларды жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға беретiн мекеме.
  3. Қазақстан Республикасының аумағында әмбебап, жасөспiрiмдер, балалар кiтапханалары, сондай-ақ көрмейтiн және нашар көретiн азаматтар үшiн арнайы кiтапханалар құрылуы мүмкiн.
  4. Мемлекеттiк кiтапханалар ақысы мiндеттi сипатта болмайтын және жеке немесе заңды тұлғамен келiсiм бойынша айқындалатын, өздерiнiң негiзгi қызметiне қатысы жоқ тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткiзуге құқылы. Мұндай тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен ақша мемлекеттiк кiтапхананың иелiгiнде қалуы мүмкiн.
    Мемлекеттiк кiтапханалар:
    1) жеткiзгiштердiң, форматтардың, стандарттардың барлық түрiнен көшiрмелер дайындауға және оларды өңдеуге;
    2) кемтар азаматтар үшiн материалдар дайындауға;
    3) құжаттарды талдамалы-синтетикалық өңдеуге және қосымша библиография жасауға;
    4) қолжазбаларды, құнды кiтаптарды және құжаттарды реставрациялауға;
    5) көшпелi ақпараттық - көрме iс-шараларын ұйымдастыруға;
    6) бiлiм беру және аудармашылық қызметтерiн көрсетуге;
    7) қолжазбаларға және құнды кiтаптарға сараптама жасауға;
    8) байланыс операторымен шарт негiзiнде Интернет желiсi қызметтерiн ұсынуға;
    9) құжаттарды электронды жеткiзуге, тақырыптық ақпарат iздестiрiп, құрастыруға;
    10) экскурсиялық қызмет етуге, фото, бейне түсiрiлiмдер жасауға;
    11) кiтапхана шығарған оқу-әдiстемелiк әдебиеттi және басқа да оқу құралдарын өткiзуге құқығы бар.
    Мемлекеттiк кiтапханалардың негiзгi қызметiне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден қаражат түсу және оны пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
  5. Кiтапхана iсi, сондай-ақ ұлттық мәдени мұраның бiр бөлiгi ретiнде кiтапхана қорларын сақтаумен, пайдаланумен байланысты мәселелер уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен реттеледi.
  6. Мүгедек немесе егде жаста болуынан кiтапханаларға бара алмайтын кiтапхана пайдаланушылар уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен сырттай және стационарлық емес қызмет ету нысандары арқылы кiтапхана қорларына қол жеткiзуге құқығы бар.

25-бап. Мұражайлар

Мұражайлар - мұражай жәдiгерлерi мен мұражай коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшiлiкке көрсету үшiн құрылған, мәдени, бiлiм беру және ғылыми-зерттеу функцияларды жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын көпшiлiкке танытуды қамтамасыз етуге тиiс мәдениет ұйымдары.

Қазақстан Республикасының аумағында әр түрлi бейiндегi мұражайлар, соның iшiнде жеке коллекциялар мұражайлары құрылуы мүмкiн. Айрықша тарихи, ғылыми, мәдени және көркемдiк мәнi бар жылжымайтын тарихи-мәдени құндылықтар ансамбльдерi мен кешендерi тарихи-мәдени және (немесе) табиғи қорықтар, қорық-мұражайлар болып жариялануы мүмкiн.
Тарихи-мәдени және табиғи қорықтардың, қорық-мұражайлардың мәртебесi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен айқындалады.

Мұражай жәдiгерлерi мен мұражай коллекциялары мұражай қорының құрамына кiредi және елдiң мәдени мұрасының ажырамас бөлiгi болып табылады.
Мұражай жәдiгерлерiн мемлекеттiк мұражайлардан жеке меншiкке беруге тыйым салынады.

Мемлекеттiк мұражайлар мен мұражай-қорықтар ақысы мiндеттi сипатта болмайтын және жеке және заңды тұлғалармен келiсiм бойынша айқындалатын, өздерiнiң негiзгi қызметiне қатысы жоқ тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткiзуге құқылы. Мұндай тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен ақша мемлекеттiк мұражайлардың және мұражай-қорықтардың иелiгiнде қалуы мүмкiн.
Мемлекеттiк мұражайлар мен мұражай-қорықтардың:
1) жеткiзгiштердiң, форматтардың, стандарттардың барлық түрiнен көшiрмелер дайындауға және оларды өңдеуге;
2) байланыс операторымен шарт негiзiнде Интернет желiсi қызметтерiн ұсынуға;
3) фото, бейне түсiрiлiмдер жасауға;
4) кәдесый және полиграфия өнiмдерiн өткiзуге;
5) мұражайлар мен мұражай - қорықтар шығарған оқу-әдiстемелiк әдебиеттi және басқа да оқу құралдарын өткiзуге құқығы бар.
Мемлекеттiк мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негiзгi қызметiне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден қаражат түсу және оны пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдiгерлерi мен мұражай коллекцияларына қол жеткiзу тәртiбi мен шарттары және мұражай iсi саласындағы басқа да қатынастар уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен реттеледi.

Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға мемлекеттiк мұражайларға мемлекеттiк бюджеттен Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен субсидиялар бөлiнедi.

26-бап. Ауыл мәдениетi

  1. Қазақстан Республикасында ауылдық елдi мекендердiң мәдениет объектiлерiмен қамтамасыз етiлу нормативi талаптарымен айқындалатын деңгейде ауылдық жерде мәдениеттi дамытуда, мемлекеттiк мәдениет ұйымдары желiсiн қалыптастыруда, халыққа эстетикалық бiлiм беру және мәдени қызмет көрсету үшiн жағдайлар жасауда басымдық қамтамасыз етiледi.
  2. Ауылдық жерлердегi мемлекеттiк мәдениет ұйымдары материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң басым құқығын пайдаланады.
  3. Ауылдық елдi мекендерде тұратын мәдениет ұйымдарының қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтiк қолдау шаралары берiледi.
    Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.12.24 N 111-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

27-бап. Мәдени-демалыс ұйымдары

  1. Мәдени-демалыс ұйымдары - қызметi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен реттелетiн күнделiктi көпшiлiктiң араласу (клубтар, мәдениет және демалыс парктерi, мәдениет үйлерi мен сарайлары, халық шығармашылығы орталықтары (үйлерi) және басқалары), жеке адамды, көркемөнерпаз халық шығармашылығын дамыту орталықтары.
  2. Мәдени-демалыс ұйымдарының негiзгi мiндетi халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыру болып табылады.
  3. Мәдени-демалыс ұйымдарының қызметi:
    1) халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға, насихаттауға, олардың осы заманғы тарихи және әлеуметтiк-экономикалық жағдайларға бейiмдеуге;
    2) Қазақстан Республикасында атап өтiлетiн мерекелердi, концерттердi, ән-би мерекелерiн, тұсаукесерлердi, фестивальдердi, конкурстарды, айтыстарды, халықтың қолданбалы және бейнелеу өнерi көрмелерiн ұйымдастыруға;
    3) ғылыми-практикалық, ақпараттық-әдiстемелiк жұмыстарды ұйымдастыруға;
    4) мәдени-демалыс қызметiндегi және халық шығармашылығындағы озық тәжiрибенi зерделеуге, қорытуға, танытуға, оны енгiзуге және таратуға;
    5) облыстық, өңiрлiк, республикалық, халықаралық мерекелерге, конкурстарға, фестивальдерге қатысу арқылы халық шығармашылығының үздiк ұжымдарын насихаттауға;
    6) этномәдени бiрлестiктердi қолдауға;
    7) мәдени - демалыс қызмет саласындағы ұлттық мәдениеттердi сақтауға және дамытуға бағытталған инновациялық жобалар мен бағдарламаларды, әртүрлi мәдени акцияларды, бастамашылықтарды қолдауға бағытталған.
  4. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мәдени-демалыс ұйымдарын таратуға, егер мұндай тарату халыққа мәдени қызметтердiң ең аз көлемiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейтiн болмаса, оған жол берiлмейдi.
  5. Азаматтарды мәдени өмiр саласына тарту мақсатында халықтың мәдени-демалыс iс-шараларына қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтер ұсынуға байланысты шығындарды жабуға мемлекеттiк мәдени-демалыс ұйымдарына бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджеттiк субсидиялар бөлiнедi.

28-бап. Кинематография

  1. Кинематография - кез келген нысанда және әр түрлi жанрда дыбыс-бейне туындыларын жасауға және олардың прокатына бағытталған шығармашылық, ғылыми, өндiрiстiк, бiлiм беру қызметi түрлерiн бiрiктiретiн мәдениет саласы.
  2. Кинематографияны мемлекеттiк қолдаудың негiзгi шаралары:
    1) барлық түрде және жанрда ұлттық фильмдер жасауға;
    2) кинематографияның материалдық-техникалық базасын сақтауға және дамытуға;
    3) шетелдiк фильмдерге қарағанда ұлттық фильмдер өндiрiсiне, таралымына және прокатына басым жағдайлар жасауға;
    4) кинофестивальдер және басқа да iс-шаралар өткiзуге;
    5) халықаралық кинематографистер ұйымдарына, сондай-ақ фестивальдер мен конкурстарға қатысуға және өкiлдiк етуге бағытталған.
  3. Қазақстан Республикасындағы кино өндiрiсiнiң негiзiн кинематографиялық ұйымдар құрайды, олардың негiзгi мiндетi әр түрдегi және жанрлардағы ұлттық фильмдер өндiрiсi, шығарылымы, таралымы, прокаты болып табылады.

29-бап. Шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың гастрольдiк қызметi

  1. Шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың Қазақстан Республикасының аумағындағы гастрольдiк қызметi шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
  2. Шетелдiк гастрольдердi шығармашылық ұжымдар мен жекелеген орындаушылар авторлық құқықтың және сабақтас құқықтардың сақталуын қамтамасыз ететiн шарттар негiзiнде өткiзедi.

30-бап. Халық көркем шығармашылығы

  1. Халық көркем шығармашылығы - халық көркем шығармашылығы шеберлерiнiң шығармашылық қол еңбегi және (немесе) механикаландырылған еңбегi процесiнде белгiлi бiр жерде халық өнерi дәстүрлерiн ұжымдасып игеру және сабақтастықпен дамыту негiзiнде жүзеге асырылатын халық шығармашылығы нысандарының бiрi, әсемдiк мақсаттағы көркем бұйымдар жасау жөнiндегi қызмет.
  2. Бұйымдарды халық көркем шығармашылығы бұйымдарына жатқызу халық көркем шығармашылығы жөнiндегi көркемдiк-сарапшылық кеңестердiң қорытындылары негiзiнде жүзеге асырылады.
  3. Халық көркем шығармашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен қорғалады.

31-бап. Мәдениет саласындағы қызметтi қаржыландыру

  1. Мемлекеттiк мәдениет мекемелерiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдаланылатын, бюджет қаражаты және қайырымдылық, демеушiлiк көмек түрiнде түсетiн қаражат және өзге де қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
  2. Мемлекеттiк емес мәдениет ұйымдарын қаржыландыру, қызметтер көрсету, құрылтайшылардың қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады.
  3. Мәдениеттi дамыту қорлары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен мемлекеттiк емес қаражаттарды тартуы мүмкiн.

 

6-тарау. Мәдени құндылықтар және ұлттық мәдени игiлiк

32-бап. Мәдени құндылықтар

Мәдени құндылықтарға:

  1. археологиялық олжалар (кәдуiлгi және құпияларын қоса алғанда) және археологиялық жаңалықтар;
  2. өсiмдiктер мен жан-жануарлардың, минералогияның, анатомияның сирек коллекциялары мен үлгiлерi және палеонтология үшiн қызығушылық тудыратын заттар;
  3. ғылым мен техника тарихын, соғыстар және қоғам тарихын қоса алғанда, тарихқа қатысты, сондай-ақ ұлттық ғылым, мәдениет пен өнер қайраткерлерiнiң, ойшылдардың, ғалымдардың және артистердiң өмiрiмен және iрi ұлттық оқиғалармен байланысты құндылықтар;
  4. жекелей немесе коллекциялардағы, айрықша қызығушылық тудыратын сирек қолжазбалар, көне кiтаптар (тарихи, көркем, ғылыми, әдеби), құжаттар және басылымдар;
  5. жекелей немесе коллекциялардағы почта маркалары, салықтық және осы тәрiздi маркалар;
  6. қорытпасына немесе дайындалған металына қарамастан, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тиындарын, сондай-ақ өзге де мемлекеттердiң дайындалғанына жүз жыл болмаған тиындарын қоспағанда, тиындар, медальдар, мөрлер және басқа да коллекциялық материалдар;
  7. көне және бiрегей музыкалық аспаптар;
  8. дыбыс, фото, бейне, кино мұрағаттарын қоса алғанда, мұрағаттар, мұрағат қорлары мен коллекциялар, сондай-ақ ғылыми-техникалық құжаттама;
  9. тарихи-мәдени маңызы бар өнер туындылары;
  10. этнографиялық, антропологиялық, этнологиялық және палеонтологиялық материалдар;
  11. айрықша тарихи және мәдени құндылығы бар, жасалғанына жүз жылдан асқан көне заттар;
  12. Қазақстан Республикасы халқының өмiрiндегi тарихи оқиғалармен, қоғам және мемлекет дамуымен, ғылым мен техника тарихымен, сондай-ақ көрнектi ғылым, мемлекет, мәдениет қайраткерлерiнiң өмiрiмен байланысты объектiлер

Жемчужина қоры

Билет сату

Мұрағат

December 2024
Mo Tu We Th Fr Sa Su
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5

Жол жүру сұлбасы

Әлеуметтік желілер

       

Copyright © 2011-2019. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі