«Сәулелі із қалдырған ғибратты ғұмыр»

Көрменің мақсаты: ғалым, геология-минерология ғылымдарының докторы, Қазақстан ҰҒА-ның мүшесі Сухан Мақсотұлы Камаловтың туғанына 85 жыл толуына орай, азаматтың өмір жолынан жастарға үлгі, өнеге беру.

Көрменің ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеев құттықтау сөз сөйледі. Бұл өтіп жатқан маңызы зор шара. Сухан Мақсотұлының Қарашығанақ кен орнын алғаш ашқан адам ретінде тарихта қалды. Сол себепті оның есімі Орал өңіріне ғана емес, бүкіл Қазақстанға танымал. Ол ашқан кен орындарының еліміз үшін маңызы зор. Оның бұл бастап беріп кеткен ісі облыстың, республиканың дамуына үлкен септігін тигізді. Оның аталған кенішті ашуының өзі халықаралық деңгейдегі игі істердің бірегейі болып, болашақ кен орнының елге тигізетін пайдасын нақтылап, белгілеп кетті. Қарашығанақ дегенде Сухан Камаловтың есімі бірден еске түседі. Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің Нұрсұлтан қаласына іссапарға кетуіне байланысты оның атынан Сухан Мақсотұлының отбасын осынау тағылымы мол шарамен құттықтаймын,-деген ол академиктің жары Әмина апайға шағын сыйлық ұсынып, иығына шапан жапты.

Салтанатты шара барысында "PSA" ЖШС компаниясы директорының орынбасары Кайнулла Касенов, Батыс Ұлттық Ұлан өңірлік қолбасшысының бірінші орынбасары, полковник Қайрат Үмбетов, КПО жобаны дамыту жөніндегі директоры Фарид Набави, Батыс Қазақстан облысы бойынша мұнай-газ ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры Балтабек Махуов, Сухан Мақсотұлымен мұнай саласында бірге қызметтес болған әріптесі, геолог, мұнай саласының ардагері Әбілсейіт Бақтияров және Әмина Күмісқызы естеліктерімен бөлісті.

Көрменің ашылу салтанатында мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының лауреаты Жарас Сатыбалдиев "Төремұрат" күйін күмбірлетсе, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі Медет Оразов "Тәуелсіздік-байлығым", "Менің әкем ең жақсы адам" әндерін тамылжыта шырқады. Жиын соңында Сухан Камаловтың туғанына 85 жыл толуына арналған "Сәулелі із қалдырған ғибратты ғұмыр" атты көрмені Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Ж. Срымова таныстырды.

Жемчужина қоры

Билет сату

Мұрағат

November 2024
Mo Tu We Th Fr Sa Su
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1

Жол жүру сұлбасы

Әлеуметтік желілер

       

Copyright © 2011-2019. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі