Шараға соғыс ардагерлері – Гапич Иван Степанович, Скаленко Вениамин Пантелеевич, Сафин Хамза Абдрахманович, Орал инновациялық технологиялар колледжінің «Айбын» патриоттық клубының студенттері, музей қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында Ұлы Отан соғысы ардагері Сафин Хамза Абдрахманұлының 95 жас толуына арналған «Ұлы Жеңіс сарбазы» атты көрме ашылды. Көрмеге ардагердің соғыс және соғыстан кейінгі жылдардағы фотосуреттері мен құжаттары, марапаттары және кітаптар қойылды.
Ерлік сабақ мақсаты - жас ұрпақты өзінің туған жеріне деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, азаматтық патриотизмді қалыптастыру.