Туған өлке – тұнған шежіре

Осыған байланысты ғылыми-зерттеу тобы құрамында: ғылыми қызметкер Қ.Қ.Ташай, аға ғылыми қызметкер Н.М.Тукешева, бағдарламашы-оператор С.С.Тлепбергенова, Б.О.Сұлтанбеков, Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі А.М.Ойшыбаева Сырым ауданында (13-16.10.2020 ж.) осы жобаның міндеттері мен мақсаттарын іске асыру бағытында экспедициялық зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Экспедиция бағыты - Жымпиты-Жетікөл-Бұлдырты-Жосалы-Елтай-Талдыбұлақ-Аралтөбе-Бұлан-Алғабас-Тоғанас ауылдық округтерінің аумақтарын қамтыды. Экспедиция жұмысына ауылдық әкімдіктер жәрдем етіп, өлке тарихын жетік білетін тұрғындармен тиімді жұмыстануға өз септігін тигізді.

Экспедиция жұмысы барысында анықталған нысандар бойынша фото, бейне түсірілім жасалып, жергілікті тұрғындармен сұхбаттар жүргізіліп, аңыз әңгімелері жазылып, GPS координаттары, кейбір нысандардың өлшемдері алынды.

Біздің облысымыздың аумағы ландшафт элементтеріне (таулар, таулы асулар, өзендер, көлдер, емдік бұлақтар, тарихи орындар), табиғи-мінажаттық нысандарға, эпиграфиялық ескерткіштерге, жергілікті тұрғындар мұраланған салт-дәстүрлерге өте бай.  Сырым ауданының аумағында 20 осындай жағдайлар анықталды (бұған республикалық тізімге енгізілген киелі нысандар кірмейді). Кейіннен, біздің өлкеміздің зерттелген барлық нысандарын картаға, электрондық дерекқорға енгізіп, каталог шығаруға қажеттілік туындайды. Аталған жұмысты ұзақ мерзімге созуға болмайды, өйткені уақыт өткен сайын нысандардың көпшілігі өзінің эстетикалық кескінін жоғалтып алады, бүлінеді.

Тарихи-ландшафтық, тарихи нысандардың анықталуы өз кезегінде оларға арнайы мәдени-ағартушылық, экологиялық, туристік бағыттарды жасақтауды міндеттейді. Өлке тарихын, сирек кездесетін нысандарды насихаттау керек. Оны білу - бүгінгі және болашақ жас ұрпақ үшін өте маңызды.

 

аға ғылыми қызметкер Н.М.Тукешева

ғылыми қызметкер Қ.Қ.Ташай

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің

тарих және археология бөлімі

Жемчужина қоры

Билет сату

Мұрағат

November 2024
Mo Tu We Th Fr Sa Su
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1

Жол жүру сұлбасы

Әлеуметтік желілер

       

Copyright © 2011-2019. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі