Артефактілер

Article Index

Кішкентай дөңгелек ұлғайтқышы бар күміс қаптағы шағын құран. Музейге 1978 жылы Джармуханова Бибі тапсырған. Құранды арғы атасы 19 ғасырда Меккеден әкелген.


Піл сүйегінен қашалып оюланған айна. 19 ғасыр.

 

Неміс фирмасы П.Бурренің қалта сағаты. 1975 жылы ҰОС ардагері Н.С.Черакаев тапсырған.


 

Перламутр және сүйекпен безендірілген құнды бұйымдарға арналған қобдиша. 20 ғасырдың басы.


Нақышталған өсімдік оюлы күміс қантсалғыш. 19 ғасыр.

 

Нақышталған бедерлі өсімдік оюымен безендірілген тостаған. 20 ғасырдың басы.


 

Суреті нақышталып салынған күміс қантсалғыш. Ұста И.Х.Хлебников. 19 ғасыр.

Қара бедерлі күміс стақан сауыттары. 19-20 ғасыр.


Күмістен жасалған өсімдік ою бар алтықырлы қобдиша.


Қазақ әйелдерінің іскек, тіс және құлақ тазартқыштарынан тұратын косметикалық жиынтығы. Күміс, эмаль, сердолик. 19-20ғғ.


Әйелдердің күмістен жасалған кеуде өңіржиегі. 19 ғасыр.

Маржандар және тиындармен безендірілген күміс алқа. 19-20ғғ.

 

Өрнектелген және түрлі-түсті эмальмен безендірілген кавказдық қанжар-түйреуіші бар күміс қарсы ілгек.


 

Күмістен жасалған әйелдердің нақышталған темекісауыты. 19 ғасыр.


 

Араб әрпі бар көне күміс мөр. 1962 жылы Сайхын ауылы маңынан табылған.

(Мөртабанда Ғабидолла Шейх Нақшбанди Шейх Молла Зейнолла ибн Әластарли 1322 һ.ж. (1943 ж.) деп жазылған).


 

Күміс бүктемелі көзілдірік. 19 ғасыр.

 

Нақышталған суретті күміс шәй қасығы. 19 ғасыр.


 

Әшекейленген үстел үстіне қойылатын керосин шамы. Лейпциг қаласы 19-20ғғ.


 

Қолдан жасалған әйелдер етігі. 1950-ші жылдар.

Аппликацияланған әйелдер етігі. 20 ғасыр.


 

Химия ғылымдарының докторы И.Н.Азербаевтың безендірілген таяқшасы 


Күміс фалар

Күміс фалар. Бдд ІV ғ. Мог. Володарка І, курган 4. Толығырақ...

Күміс түтік

Күміс түтік. Бдд V ғ.

Тас құрбандық

Тас құрбандық. Бдд V-ІV ғғ. Мог. Лебедевка, курган 27.


Қиял – ғажайып аң бейнесіндегі сулық

Қиял – ғажайып аң бейнесіндегі сулық. Бдд V-ІV ғғ.

Қола айна

Қола айна. Бдд VІ-V ғғ.

Жазушы Жұбан Мулдағалиевтің жазу құралы

Жазушы Жұбан Молдағалиевтің жазу құралы.


 

Сүйекпен безендірілген домбра

Сүйекпен безендірілген домбра.

Қоладан жасалған аң пішіндес ертоқым жапсырмалары

Қоладан жасалған аң пішіндес ертоқым жапсырмалары. Бдд V-ІV ғғ.

Алтын шекеліктер

1. Алтын шекеліктер. Лебедевка қорымы. Бдд VІ-V ғғ.
2. Алтын шекеліктер. ІІ Кырык Оба қорымы. Бдд VІ-V ғғ.
3. Алтын алқа. Лебедевка қорымы. Бдд VІ-V ғғ.
4. Алтын алқа. Қырық Оба ІІ, 23 қорған.


Айбалта. Әйел киімі

1. Айбалта. ХІХ ғ.
2. Әйел киімі. ХІХ ғ.

Тартқан күміс ожау

І Елизавета атаман М.Пономаревке сыйға тартқан күміс ожау. ХІХ ғ.

Бастырмалары алтынмен апталған ер-тоқым. Жылан тәрізді қылышя

1. Бастырмалары алтынмен апталған ер-тоқым. ХІХ ғ.
2. Жылан тәрізді қылыш. ХVІІІ ғ.


Ыдыс

1. Оюмен нақышталған жез құман. ХІХ ғ.
2. Күміс самаурын. ХІХ ғ.
3. Күміс ыдыс-аяқ.

Ыдыс

1. Күміс жайпақ табақ. ХІХ ғ.
2. Жез қақпақты шылапшын. ХІХ ғ.
3. Құман.

Әйел күміс белдіктері

Әйел күміс белдіктері. ХІХ ғ.


Қоңыз пішіндес алтын сырға. Мокринский бейіті.
Жаңақала ауданы. Алтын Орда дәуірі (ХІV-ХVғ.ғ.).

Золотые украшения

Салпыншақты алтын шекеліктер (б.з.б V ғ.)
Лебедевка ІІ № 6-шы оба.


Иректі жыланбауыр семсер (ХІХ в.).

 

Тау арқары мүйізінен жасалған садақ


 


Фатима ханым киімі (көшірме)

 


Хан асатаяғы

 

Жезді гильза. 3-дюймді снарядтың жез металлынан жасалған гильзасы. Диаметрі 9 см, ал биіктігі 14см. Гильзаның жоғарғы жағында соқпалы саңылау бар. Орал қаласының №21 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары Тұрланов Серік пен Трошкин Сергей тапсырған.

 

«Максим» пулеметі. 7,62 мм калибрлі № УХ12 «Максим» оқу пулеметі. Жетілдірілген түрі. Ұлы Отан соғысы кезеңінде (1941-1945 жж. Музей қорына 1974 жылы Ақтөбе қаласының әскери бөлімінен түсті.

 


 

 

«Ер-тұрман» ер-тоқымы
Ер-тоқымды 2003 жылы Алматы қаласының тұрғыны А.Жансейітова музей қорына тапсырған.

 

Ер-тоқым
1995 жылы қала тұрғыны М.Бектенов музей қорына тапсырған. Ер-тоқым фигуралы, дөңес негізде, жоғарғы және төменгі бөліктері өсімдік тәріздес өрнектермен өрнектелген.

 

Қола қазан
Қола қазан Орал облысы, Приурал ауданы, Рубежка ауылында орналасқан кірпіш зауытының карьерінде жүргізілген авариялық-қазба жұмыстарының нәтижесінде музей қорына түсті.

Жемчужина қоры

Билет сату

Мұрағат

November 2024
Mo Tu We Th Fr Sa Su
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1

Жол жүру сұлбасы

Әлеуметтік желілер

       

Copyright © 2011-2019. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі