«Салт дәстүрім - қазынам» атты шара және «Бесікке салу» рәсімі

Салт-дәстүр – ата-бабаларымыздан мұра болып қалған, адамзаттың ғасырлар бойы жинақталған құндылығы, мәдени-мұрасы, рухани байлығы, елдің мықты әрі тұғырлы болуының кепілі.
Шара Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Мұханғалиев Қуанышбек Жанболатұлының алғы сөзімен ашылды. Өз сөзінде ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, халқымыздың әдет-ғұрпы мен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, отбасы бірлігін нығайту, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз екенін атап өтті. Сондай-ақ шарада ардагер-журналист, өлкетанушы, Тихон Әліпқалиұлы, қазақтың қыз келіншектерінің тәрбиесі жөнінде ұлттық дәстүрлерімізді жастарға насихаттап, дәріптеп жүрген М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ардагер-ұстазы, тарихшы, өлкетанушы Бақтығұлова Балқия Ноғайқызы салт-дәстүрлердің ішінде көнеден келе жатқан жоралғылардың бірі – бесікке салу рәсімінің маңыздылығын айтып, мол мағлұмат берді. Шара «Бесікке салу» рәсімімен жалғасты.
Мәдени шараға музей ардагері, ҚР еңбегі сіңген қайраткері Танабаева Сара Есқайырқызы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ҚР тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты- Байболсынова Альфия Сабырғалиқызы, «Ардагер» клубының халықтық «Ару аналар» вокалдық тобы, БҚУ тарих факультетінің студенттері, БАҚ өкілдері, мәдениет және музей қызметкерлері қатысты.

Жемчужина қоры

Билет сату

Мұрағат

December 2024
Mo Tu We Th Fr Sa Su
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5

Жол жүру сұлбасы

Әлеуметтік желілер

       

Copyright © 2011-2019. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі