«Зұлмат жылдар зауалы» атты тақырыптық дәріс өтті

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай XX ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбан болған азаматтарының есімдерін ұмытпай, мәңгі есте сақтап, жас ұрпақтың санасына бабалар аңсаған тәуелсіздіктің құндылығын сіңіртіп, Қазақстанымыздың көркейіп, гүлдене түсуіне өз үлестерін қоса отырып, бейбіт өмірді бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық музей бөлімінің ұйымдастыруымен музейіміздің «Ұлы Отан соғысы» залында А.Оразбаева атындағы негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айдана Сырымова мен аталмыш мектептің оқушыларының қатысуымен «Зұлмат жылдар зауалы» атты тақырыптық дәріс өтті.

Дәріс барысында музей қонақтары өткен ғасырда сталиндік репрессия салдарынан қазақтың мыңдаған көзі ашық, зиялы қауымының жазықсыз атылып кеткені туралы мәліметтермен, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық музей бөлімінің меңгерушісі Меңдігүл Фазылованың аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің 2021 жылдың 20 шілдедегі №29(8309) санында жарық көрген «Тауқымет тартқан тағдырлар» атты мақаласымен таныса отырып, осынау солақай саясаттың құрбаны болған, ауданымыздан саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тоғыздан аса азаматтың ауыр тағдырға толы деректеріне қанықты.

Музейіміздің қорындағы ҚР Журналистер одағының мүшесі Меңдігүл Фазылованың аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің 2016 жылғы 27 мамырдағы №23 (8040) санында жарияланған, сол заманның тағы бір құрбаны ақобалық Орынтай Қазиев туралы жарияланған «Асылдың тұяғы бар Ақобада» атты мақаласының түпнұсқасы музей экспозициясынан орын алып, көпшіліктің назарына ұсынылды. #бқомузейлер

Жемчужина қоры

Билет сату

Мұрағат

April 2024
Mo Tu We Th Fr Sa Su
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5

Жол жүру сұлбасы

Әлеуметтік желілер

       

Copyright © 2011-2019. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі