Қола дәуірінен орта ғасырға дейінгі аралықты қамтитын ат әбзелдерін зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында бірлескен дөңгелек үстел өтті

2023 жылдың 29 мамыр күні Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты мен Корея Республикасының Мәдени мұра зерттеу ұлттық институтымен бірлескен 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми жобасы аясында Қазақстанның бірнеше музей қоры мен экспозициясындағы қола дәуірінен орта ғасырға дейінгі аралықты қамтитын ат әбзелдерін зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында бірлескен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Оңғар Ақан бастаған археология институты қызметкерлері мен Cho Mina бастаған Корея Республикасының мәдени мұра институтының археология бөлімінің қызметкерлері қатысып, баяндама жасады. Бұл бірлескен жоба музейіміздің қорында сақталған жәдігерлермен танысып, антропологиялық зерттеулер, ежелгі дәуірден кейінгі ортағасырлық кезеңге дейінгі аралықтағы ат-әбзелдерін зерттеумен айналысу жұмысының нәтижесінде бірлесіп екі институт арасында келісілген  каталог шығару жоспарлауда.

Жемчужина қоры

Билет сату

Мұрағат

July 2024
Mo Tu We Th Fr Sa Su
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4

Жол жүру сұлбасы

Әлеуметтік желілер

       

Copyright © 2011-2019. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі