«Туған жерін ту еткен қаламгер» атты көрменің ашылу салтанаты өтті

Іс - шараға БҚО әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сайран Темірғалиұлы Дүйсенов, Қаратөбе ауданының әкімі Сүйеуғалиев Қадыржан Орынбасарұлы, Қаратөбе ауданы мәслихатының басшысы Нұрлан Құмарұлы, Құрманғазы Қараманұлының жары “Ақ босаға” газетінің бас редакторы, журналист Шолпан Ұғыбайқызы, Құрманғазы Қараманұлының қызы, суретші - дизайнер Аңсаған Мұстафа, ұлы кинорежиссер Қанағат Мұстафин, ардагер журналист Тихон Әліпқали, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері С.Танабаева және Қаратөбе ауданының азаматтары мәдениет қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Шара барысында жазушы - журналист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерi, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Құрманғазы Қараманұлына арналған «Туған жерін ту еткен қаламгер» атты көрменің ашылу салтанатының  алғы сөзін  БҚО әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сайран Темірғалиұлы Дүйсенов сөйлеп, қаламгердің отбасына құрмет көрсетіліп, сый-сыяпат тарту етілді. 

Сонымен бірге Қаратөбе ауданының әкімі Сүйеуғалиев Қадыржан Орынбасарұлы еліміздің тәуелсіздігінің бастапқы жылдарында туған жеріндегі өзі түлеп ұшқан мектебіндегі үздік оқушыларға жеке қаражатынан аяулы анасының құрметіне «Ақ орынша» атты шәкіртақысын тағайындаған Құрманғазы Қараманұлының азаматтық ісін баса айтты. Аудан әкімінің сөзінен кейін Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебінің «Ақ орынша» атындағы шәкіртақы иегерлері Иманғали Айдосұлы, Айзере Айболатқызы, Дияс Қайратұлы және Дәурен Жаңабайұлы алғыс тілектерін айтып, жырдан шашу шашты. Егемен елідің ертеңі болу үшін, жарқын болашағына қызмет ету үшін әрдайым ізденіс пен даму жолында ұстаздарының, ата-аналарының үмітін ақтаймыз деп уәде берді  оқушылар. #бқомузейлері

 

Жемчужина қоры

Билет сату

Мұрағат

April 2024
Mo Tu We Th Fr Sa Su
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5

Жол жүру сұлбасы

Әлеуметтік желілер

       

Copyright © 2011-2019. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі