«Өлкетану және мектеп музейі қызметінің замануи үрдістері» атты семинар өткізілді

Батыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейінде облыстық білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығының ұйымдастыруымен «Өлкетану және мектеп музейі қызметінің замануи үрдістері» атты семинар өткізілді.

Семинар барысында экскурсия ұйымдастыру және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі А.Насипкалиева «Экскурсия жүргізудің әдіс-тәсілдері» тақырыбында, ғылыми қор бөлімінің меңгерушісі А.Абдрахманова «Музей – ғылыми-ізденіс орталығы» тақырыбында дәріс өткізді. Семинарға қатысушы мектеп музейінің жетекшілеріне әдістемелік қолдау көрсетті. Дәрістен соң семинарға қатысушыларға музей экскурсоводтары Ж.Срымова мен А.Окасова музей залдарын таныстырып, экскурсия жүргізді.

Жемчужина қоры

Билет сату

Мұрағат

March 2024
Mo Tu We Th Fr Sa Su
26 27 28 29 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Жол жүру сұлбасы

Әлеуметтік желілер

       

Copyright © 2011-2019. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі