Кеш қонақтары: әскери кафедра, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Сейтақ Ғайсағали Самиғоллаұлы, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, әнші Ғайсағалиев Жаскелең Орынбасарұлы, тарихшы, өлкетанушы, журналист Батырханов Ахмедияр Қуанұлы, Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Ойшыбаева Айнагүл, «Егемен Қазақстан» газетінің ресми тілшісі Қазбек Құттымұратұлы.
«Ақын Абдолла Жұмағалиев Отан үшін майданда от болып жанып кетті. Оның алауы әлі сөнген жоқ. Сөнбек те емес. Ол – мәңгілік алау!» - деп Қадыр Мырза Әлі айтқандай, шара мақсатына жету үшін БАҚ өкілдері мен майталман блогерлерді ақпараттық алаң мен әлеуметтік желілер мүмкіндігін пайдалана отырып, әділдікке қол жеткізуге қолдау көрсетуге шақыру арқылы Абдолла Жұмағалиевке «Халық Қаһарманы» атағы берілсе деген үмітпен үндеу тасталды.