Аталмыш кешке соғыс ардагері Сколенко Вениамин Пантелеевич, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұхаметов Мырзағали Әбілқасымұлы, қарулы күштер ардагері Дегтяров Николай Алексеевич, еңбек және тыл ардагерлері Ким Анатолий Петрович, Атаев Асқар Қабдолұлы, Алдабергенов Сағи, Махмудова Айжан Жұматайқызы және Оқас Әлмұхановтың қызы Какима Оқасқызы, музей қызметкерлері, әскери техникалық мектеп курсанттары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Соғыс кезінде ерлік көрсетіп, соғыстан кейінде ел үшін ерен еңбек еткен Оқас Әлмұханұлын еске алу кеші 1 минут үнсіздікпен басталып, «Жеңіс тарихы» деректі фильмінен үзінді көрсетіліп, қатысушылардың бөліскен естеліктерімен жалғасын тапты.
Кеш барысында Оқас Әлмұханұлының фотосуреттерінен, құжаттары мен марапаттарынан жабдықталған «Солдат минувшей войны» көрмесі ашылды.