Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2019 жылдың 31 мамыр күні Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлері Б. Құлмановтың туғанына 160 жыл, Б.Бейсеновтың, Е. Қасболатовтың туғандарына 130 жыл толуына арналған «Өткенге тағзым» атты көрме мен «Тұғыры биік тұлғалар» атты шара өтті.
1993жылдың 14 сәуірінде"Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңы ел тәуелсіздігі тұсындағы алғашқы заңдардың бірі болып қабылданды. 1997жылы Елбасының Жарлығымен ел күнтізбесінде31 мамыр арнайы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып бекітілді. Яғни Кеңес Одағының солақай саясаты бойынша отарланған ұлттың бас көтере алмай, құлақкесті құл болуы үшін көзі ашық, саналы азаматтарын қудалау, оған қоса, қолдан жасалған ашаршылық кезеңін еске түсіру күні.
Шараның мақсатықазақ халқының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, алаш қозғалысының зиялы өкілдерін еске алып, тағзым ету, сонымен қатар өскелең ұрпақтың бойында Отанын сүю және патриоттық сезімін ояту.
Көрмеге қойылған жәдігерлер: фотосуреттер, диплом, өтініш қағаздары куәліктер, анықтама қағаздары.
Көрменің ашылу салтанаты музей директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Ажар Берікқалиқызы алғы сөзімен ашылып, музей экскурсоводы Жақсыбай Асылгуль Құрманғазықызының көрмені таныстыруымен жалғасты.ШарағаМ.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің дүниежүзілік және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасының доценті, тарих ғылымының кандидаты Б.Боранбаева;аталмыш оқу орынның Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Альфия Сабыргалиевна, БҚО тарихи – мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік иеспекциясының инспекторы Дузбасова А.,Бөрлі ауданы, Тихоновка ауылынан келген музей қонақтары, «Тарих» факультетінің студенттері,музей қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.Шара барысында шақырылған қонақтар сөз алып, ой бөлісті. Шамұратов Дәурен өз туындысы «Тұмар»өлеңін тарту етсе,Дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені өнер мектебінің мұғалімі Сүйінғалиев Алихан Ізбасарұлы Құрманғазының «Арба соққан»күйін, №40 мектеп оқушысы Болат Армат«Алдай – ау» термесін орындады.
Шара соңында келген қонақтар естелік суретке түсіп, көрмемен жақынырақ танысты.
Аталмыш көрмені бір ай көлемінде музей қонақтары ХХ ғасыр залында тамашалай алады.