Бүгін биылғы жылы наурыз айынан бастау алған «Музейстар-2019» атты жобасының кезекті қатысушысы Батыс Қазақстан инновациялық- технологиялық университетінің «Білімді жастар-ел болашағы» атты көрмесінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды.
Өңіріміздегі жоғары және орта білім беру ошақтарының білім алушыларының дипломдық жұмыстары негізіндегі шығармашылық туындыларын және оқу орнының атқарып жатырған қызметімен музейге келушілерді таныстыру мақсатында жүзеге асырылып отырған жобаның ашылу салтанатын музей директоры Ерсаев Мирболат Бижанұлы келген ардагер ұстаздарға, оқу орны ұжымына алғысын білдіре отырып, осындай жобалар арқылы жастардың өлке тарихын құрметтеуіне, рухани байлыққа қызығушылықтарын арттыруына, тарихи ізденістерін күшейтуге ықпал ететіндігін атап өтті.
Шара барысында Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Зұлхаров Әділгерей Сырымбетұлысөз алып, биылғы жылы өлкемізде жастардыңрухани дамып-өсуіне үлес қосар осындай игі жұмыстардың жүріп жатқаны, Елбасы тапсырмасын орайндай отырып, қоғамда жастардың өзіндік ролін айшықтауға мүмкіндік беретіндігі туралы әңгімелеп, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ректоры Габдуалиева Раушан Смадиновна сөз сөйлеп, музейдің көрме залында жабдықталған университет тарихы мен жетістігінен сыр шертетін көрмені тамашалауға шақырды. Көрмені аталмыш университет студенті Надия Жастілектаныстырды. Көрмеге Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тарихы туралы ақпарат, жетістіктері, студенттерінің қолөнер туындылары және дипломдық жұмыстары қойылды.