2019 жылдың 18 мамыр күні Халықаралық музейлер күніне орай Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде жәнеқалалық бөлімдерінде «Бабалар мұрасы – ұрпақ қазынасы» атты мәдени көпшілік шаралар өтті.
16.00-17.00 аралығында облыстық тарихи – өлкетану музейінде Қазақ хандығы залында «Шолпан» балабақшасының тәрбиеленушілерінің «Ертегілер әлеміне саяхат» атты шарасы өтті. Шараға қатысушылар мен жетекшілеріне алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды.
Бағдарламаға сәйкес 17.00– 18.00де М.Маметова атындағы физика – математика № 27 мектеп оқушыларымен Квест ойыны оздырылды. Жеңімпаздар марапатталды.
18.00 - 19.30 аралығында 28 ілмек мүшелері шеберлік сағатарын жүргізді. Ал осы уақытта музейдің археология залында Назарбаев Зияткерлік мектебінің көзеші өнері үйірмесінің жетекшісі Н. Амиржанов пен үйірме мүшелері шеберлік сағатын оздырды.
19.00 – ден бастап музей алаңында Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің робототехника үйірмесінің жетекшісі А. Абукалиев пен оқушылары өз туындыларын көпшілікке паш етті. Шеберлік сағат көрсеткен жетекшілер алғыс хатпен марапатталды. 19.30-дан бастап LED экраннан аудандық музейлер туралы роликтер көпшілікке ұсынылды.
20.00-де«Туған жер – тұнған тарих» атты жерлес жас ақындары мен тілшілердіңэкскурсиялық марафоны өтті.
Бөрлі «Бөрлі – тарихы терең құт мекен», В.И. Чапаев атындағы Ақжайық тарихи- өлкетану музейі «Ер жүрек жауынгер батыр В.И.Чапаев», М.А.Шолохов мемориалдық музейі «Шолохов и Казахстанская делигация посвященная 65 – летию освоение целинных земель»музейлерінің көрмелері ашылды. Музейдің көрме залында латынша диктант жазу оздырылды. Диктанты жүргізген А.Бериккалиева. Музей алаңында ұлттық ойын арқан тарту сайысы өтті. Жеңімпаздар марапатталды.
Кешкі сағат 21.00-21.30 аралығында музейі ғимаратының алдында домбыра – party ұйымдастырылды. Домбыра – partyда М.Өтемісов атындағы БҚМУ және Ғ.Құрманғалиев атындағы саз колледжінің студенттері қазақ күйлерін тартып, ойын шарты бойынша бірінен соң бірі күйді тоқтаусыз жалғастырып отырды. Қала тұрғындары мен қала қонақтары тамашалап, қошеметке бөледі.
Сағат 21.30-да музей ғимаратының алдында кешкі мерекелік концерт басталды. БҚО тарихи – өлкетану музейінің гимні орындалды(орынд: Тарас Жауынбаев, Рүстем Кереев). Қазақ биі «Той думан» орындаған халықтық «Назерке» би ансамблі (жетекшісі: А.Тасболатова, М.Сүндетова).
Шараның алғы сөзі Батыс Қазақстан мәдениет басқармасының басшысы Қ. Мұсағалиевке ұсынылып,облыс әкімі атынан А.Берікқалиева, М.Ахметова, А.Даукенова, М,Ержакаева, Д.Капезова, К.Шарипкалиева, Н.Мендешев, А.Маратов, С.Тлепбергеноваға алғыс хаттар табыстады. Республикалық қоғамдық кеңестің Қазақстан Республикасы «Қазақ мәдениетінің қайраткері» құрметті атағымен Облыстық балалар – жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Виктор Павлович Фомин марапатталды.БҚО мәдениет басқарма басшысыныңатынан М.Аманғалиева, Т.Анатаева, Ү.Алипкалиева, А.Беккалиева, З.Жұматаева, М.Сандибек, Г.Исмагулова, Л.Темироваға алғыс хат берілді. Қазақстан Таланттары Өнер – Білім дамыту шығармашылық орталығының ҚР «Өнер саласының үздігі» төс белгісімен БҚО тарихи – өле\кетану музейінің бас қор сақтаушысы Бакитова Гульзада Бақтыбайқызы марапатталды. Сонымен бірге «Қазақстандық салалықмәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО филиал» төрағасының алғыс хатымен А.Жиенбаева, С.Ескалиева, С.Танабаева, Г.Камелова, Ю.Нұрланқызы марапатталды.
Музей қызметкерлерін марапаттау рәсімі өткеннен кейін, мерекелік концерт Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония және Жастар шығармашылық орталығыәртістері өнер көрсетіп, концертті одан әрі жандыра түсті. Сонымен қатар, қазақ драма театр актерлері ұлы тұлғаларды сомдап, келегн қонақтармен естелікке фото суретке түсті.
Сағат 22.00-де Лоторея ойнатылып, жеңімпаздар анықталды. Мерекелік концертАйбар Хайырханов орындауындағы «Егеменді Қазақстан» әнімен аяқтады.
Түнгі сағат 23.00-де халықтың көптен асыға күткен «Музей түні» басталды. Музей түніне жиналған халықтың саны өте көп болды.Музей сағат 01.00 – ге дейін халыққа қызмет көрсетті.