2019 жылдың 24 қаңтар күні Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мансұр Сағатовтың туғанына 80 жыл толуына орай жабдықталған «Туған жердің талантты перзенті» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.
Көрменің негізгі мақсаты: музей қорындағы сақталған құжаттар, марапаттар, наградалары мен фотосуреттері аясында жерлесіміз Мансұр Сағатовтың өмір жолы шығармашылығын насихаттау мақсатында көрермен назарына ұсыну.
Көрмеге қойылған жәдігерлер: отбасымен түскен фотосуреттері, өнер жолында қызметтес болған өнер майталмандарымен түскен фотосуреттері, куәліктері, медаль ордендері, шығармалары, авторлық кештерінің афишалары, марапат, наградалары. Барлығы 56 жәдігермен жабдықталды.
Көрменің ашылу салтанатымузей директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Ажар Берікқалиқызыалғы сөзімен ашылып, көпшілікпен жұмыс және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Мамбетказиева Гульшарат Рамазанқызының көрмені таныстыруымен жалғасты.ШарағаҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Қырымгерей Қажымов, Мұрат Амирханов, өлкетанушы Сара Есқайырқызы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ «Мәдениет және өнер» факультетінің студенттері,музей ұжымы, БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында шақырылған қонақтар сөз алып композитордың шығармашылығына, өмір жолынан естеліктерімен ой бөлісті. Мұрат Амирханов сазгердің «Еркелеймін далама» атты әнін тарту етсе, Д.Нұрпейісова атындағы саз мектебінің жетекшісі Үмбетова Дана «Құдаша»күйін орындады. Шара соңында келген қонақтар естелік суретке түсті.