2019 жылдың 4 мамыр күні Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлы Отан соғысы және Еңбек ардагері Жұмаш Казимовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Ғибратты ғұмыр – өнегелі өмір» атты көрменің салтанатты ашылуы ұйымдастырылды.
Көрменің негізгі мақсаты: сақталған құжаттар, марапаттар, наградалары мен фотосуреттері аясында жерлесіміз Казимов Жұмаш Көбенғалиұлының өмір жолын насихаттау мақсатында көрермен назарына ұсыну.
Көрмеге қойылған жәдігерлер: отбасымен түскен фотосуреттері, еңбек жолында қызметтес болған майталмандарымен түскен фотосуреттері, куәліктері, медаль ордендері, шығармалары, марапат, наградалары. Барлығы 150 жәдігермен жабдықталды.
Көрмені музей қызметкері Мендығұлова Жұлдыз Қазбиқызы таныстырды. Шараға өлкетанушы Ж. Ақбай, Жұмаш Казимовтың ұл – қыздары, туыстары, әріптестері, музей қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Шара соңында келген қонақтар музей қызметкерлеріне алғыс білдіріп, естелік суретке түсті.