2019 жылдың 6 наурыз күні 11:00-де Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, әнші, термеші, ҚР еңбек сіңірген әртісі Қалампыр Рахимованың туғанына 70 жыл толуына арналған «Көмейінде күміс жыр» атты көрменің ашылуы өтті.
Көрменің мақсаты: киелі мұраны кеңінен дәріптеп, даламызды ән-жырымен тербеткен, ел еркесі, Аққұмның Ақкербезі, әнші, термеші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қалампыр Рахимованың орындаған термелерін кеңінен насихаттау, есімін мәңгі есте сақтау, әншінің өнері арқылы кейінгі ұрпаққа дәстүр мен тарихты, халық өнерін таныту.
Көрмеге қойылған жәдігерлер: музей қорынан алынған отбасылық және өнер жолындағы фотосуреттер, сахналық киімі, кадр бойынша іс-парақшасы. Көрмеге М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ студенттері музей қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.