2019 жылдың 5 наурыз күні 15:00-де Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі «Рухани жаңғыру» музейінде ҚР еңбек сіңірген әртісі Жұмағаным Рахимованың туғанына 65 жыл толуына арналған «Жайық бұлбұлы» атты кездесу кеші өтті.
Кездесу кешінің мақсаты: өнер әлемінде өзіндік орны бар, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Жұмағаным Рахимованың өнерін насихаттау, өңіріміздің мәдениет тарихында өшпес ізі бар әншінің өнері арқылы жас ұрпаққа опера өнері төңірегінде баяндау және әншіге құрмет көрсету.
Кездесу кеші Ақжайық өңірінің өнер тарихында өзіндік орны бар, талант иесі Жұмағаным Рахимованың өмірбаянын таныстырумен басталып, жерлес ақын, журналист Мұнайдар Балмолданың әншінің мерейтой қарсаңында арнап шығарылған «Қазақтың бұлбұл қызы» атты өлеңін А.Тайманов атындағы №34 лицейінің оқушысы Н.Габдылгазизова, ақиық ақын А.Нәріковтың арнау өлеңін Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің оқушысы А.Джумагазиева оқыды. Шара барысында әншінің шәкірттерінің онлайн құттықтауы көрсетіліп, келген әріптестері естеліктерімен, жылы лебіздерімен ой бөлісті. Шара соңында бөлім меңгерушісі А.Габдуллақызы құттықтау сөз алып, облыстық филармония әншісі К.Айтбаев музыкалық сәлемін жолдады.
Кездесу кешіне Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншілері Қ.Қожақов, М.Амирханов, БҚМУ мұғалімдері мен студенттері, Құрманғазы атындағы саз колледжі мұғалімдері, Д.Нұрпейісова атындағы №1 саз мектебі мұғалімі мен оқушылары, музей қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.