2019 жылдың 19 ақпаны күні Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толуына арналған «Ауғанстан – жүректегі жара» атты көрме және «Жанымды жаралаған Ауғанстан» атты шара өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты: Батыс Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану музей қорында жинақталған құжаттық деректер арқылы қайғы мен қасіретке, қан мен терге, батырлық пен батылдыққа толы 10 жыл уақытқа созылған зұламат соғыстың әкелген зардабы туралы, жерлес жауынгерлердің Отан алдындағы борыштарын өтеудегі ерліктері туралы өскелең ұрпаққа мәлімет беру, ардагерлерге құрмет көрсету.
Шара өңіріміздің тілшісі Мұңайдар Балмолданың сөзіне жазылған «Ауғанстан» әні видеоролигімен ашылды. Шараға №6 «Шолпан» мектепке дейінгі ұйымының бүлдіршіндері, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы А. Джумагазиева ауған ардагерлеріне ізгі тілектерін өнермен жеткізді. Шара қонақтары «Ауған соғысының мүгедектер және ардагерлерінің БҚО қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.С. Габделов, 1-ші орынбасары, интернационалист-жауынгерлерінің полковнигі А.В. Боровский, «Батыс Қазақстан жауынгер аналар комитеті» қоғамдық бірлестігінің төрайымы болған Р.Л.Кужековаға сөз берілді. Музей экскурсоводы Асыл Омарқызының көрмені таныстыруымен жалғасты. Шараға БҚО ішкі саясат басқармасының бас маманы А.А.Каиров, Ауған соғысының ардагерлері С.Н.Пунгин, С.И.Сулеймонов, Орал гуманитарлық колледжінің студенттері, БҚАТУ әскери кафердрасының студенттері, музей қызметкерлері қатысты. Шара республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты Қ.С.Едировтың гитарамен орындаған «Монолог пилота» әнімен аяқталды.