Қош келдіңіздер!
Мирболат Ерсаев
Батыс Қазақстан облыстық тарихи- өлкетану музейінің директоры
Музей - мәдени мекеме, ол өткен тарих пен қазіргі тарихты, материалдық және рухани байлықтарды жинақтап, сақтайтын, жиналған құжаттар мен жәдігерлерді зерделеп, зерттейтін, оны келешек ұрпаққа жеткізетін, тәлім-тәрбие беретін әлеуметтік орын. Ғасырлар қойнауынан сыр шертетін Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі 187 жылдық тарихы бар көне музейлердің бірі. Музейдің ең басты міндеті - Ақ Жайық өлкесінің тарихымен, өркениетті мәдениетімен жастарды, жергілікті халықты, қала қонақтарын таныстыру.
Бүгінгі таңда облыс орталығы Орал қаласында, облыс аудандарында музейдің 17 филиалы жұмыс істеп, халыққа қызмет көрсетуде. Олар: қаланың көне тарихынан мәлімет беретін Е.Пугачев музей-үйі, суретші Сәкен Ғұмаров музей-үйі, орыс әдебиетінің классигі А.С.Пушкин музей-үйі, Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейі, Табиғат және экология музейі, Сырым ауданындағы Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі, М.Мералиев атындағы Қаратөбе аудандық тарихи-өлкетану музейі, Жаңақала ауданындағы күйші Д.Нұрпейісова атындағы өнер тарихы музейі, Көктерек ауылдық тарихи-өлкетану музейі, Ақпәтер ауылдық тарихи-өлкетану музейі, Жәнібек аудандық тарихи-өлкетану музейі, "Рухани жаңғыру" музейі, М.Мәметованың мемориалдық музейі, В.И.Чапаев атындағы Ақжайық тарихи-өлкетану музейі, Бөрлі өлкетану музейі, М.Шолоховтың мемориалдық музейі.
Егер Сіз көне дәуірлерден басталған бабалар тарихын баян етер маңызды дүниелер мен құнды деректерді өз көзіңізбен көріп, қолыңызбен ұстап, сол дәуірге саяхат жасап, ерекше әсер алып, қажетті мәліметтерді көңіліңізге тоқығыңыз келсе, музейге келіңіз.
ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілгендерге, мектеп жасына дейінгі, жетімдер және мүгедек балаларға ақысыз қызмет көрсетіледі.
Мекен-жайы: БҚО, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы,184. E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Филиалдар