Бүгін БҚО тарихи-өлкетану музейінде, Ұлтымыздың жанашыры, көрнекті мемлекет қайраткері, белгілі этнограф, тарих ғылымдарының докторы Өзбекәлі Жәнібековке арналған «Өзбекәлі Жәнібеков – Ұлт мәдениетінің жанашыры» атты тарихи-танымдық шара өтті.
Тарихи-танымдық шара Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ерсаев Мирболат Бижанұлының алғы сөзімен басталды. Мирболат Бижанұлы өз сөзінде, Өзбекәлі Жәнібековтің қазақ халқының Наурыз мейрамымен қайта қауышуына, Тайқазанды қайтарып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін қалпына келтіру және музей ашу жұмыстарына бастамашыл болған тұлғаның игі істерін жас ұрпаққа үлгі өнеге екендігін айтып өтті.
Шара барысында Өзағаның мұрындық болуымын ашылған жаңа театрда еңбек жолын бастаған ҚР еңбек сіңірген артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Парасат" орденінің иегері Сердеш Қажымұратов сөз сөйлеп, 1971-1973 жылдары облыстық партия комитетінің үшінші хатшысы қызметін атқарып жүріп, Торғай өңірін танымастай өзгерткенін айтып берді. Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж жоғары санатты оқытушысы Қырымжан Үмбетрзақызы Жақыпова қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен мәдениетінің өркендеуіне, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына көп күш-жігер жұмсаған қайраткер екенін атап өтті. «Зерек» оқу орталығының мүшесі Светлана Дүйсенбаева 2023 жылы Санжар Керімбайдың “Өзбекәлі және мәдени майдан” атты кітабы жарық шыққанын, бұл кітапта Өзбекәлі Жәнібековтің қазақ мәдениеті мен руханиятына өлшеусіз үлес қосып, кеңестік идеологияның қылышы қылпып тұрған тәуменді тар кезеңнің өзінде ұлттық құндылығымызды қызғыштай қорығанын, басын қалай бәйгеге тіккені туралы баяндады.
Шараға Abyroi мамандандырылған мектебінің оқытушылары мен оқушылары, Жайық Пресс желілік басылымы мамандары мен музей қызметкерлері қатысты.