Батыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейінің бөлімі Дина Нұрпейісова атындағы өнер тарихы музейінде 22-наурыз Қазақ халқының Жаңа жылы мерекесіне арналған “Салтым-асыл қазынам” тақырыбында мәдени-сазды шара өтті.
Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні ата – баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы – бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.
Шараның мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамын тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, түсінуге баулу. Келешек жас ұрпаққа ұлттық дәстүрдің маңыздылығын ұғындыру.