«Жаужүрек жерлесіміз жайында» атты экспозициялық көрме жасақталды

22 мамырда Ұлы Жеңіс күніне орай Бөкей ордасының тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері, үш мәрте «Қызыл Жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған ержүрек жерлесіміз, 1946-1970 жылдары саналы ғұмырын Жәнібек ауданында ішкі істер саласына арнап, өскелең ұрпақтың ертеңі үшін аянбай қызмет еткен ардақты азамат Сұлтан Бисекеновтың туғанына 105 жыл (1918-1991 ж.ж.) толуына орай жеткіншектерге батырдың өмірбаяны, ерлігі туралы мәлімет бере отырып, Ұлы Отан соғысында от кешкен ержүрек жауынгердің теңдессіз де жанқиярлық ерлігін әрқашан ардақтауға, өшпес рухына тағзым етіп, көрермендердің өмірге деген сүйіспеншілік, құштарлық сезімдерін оятып, өз елінің патриоты болуға, Отанды сүюге тәрбиелеу мақсатында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық музей бөлімінің ұйымдастыруымен музейіміздің «Ұлы Отан соғысы» залында №1 мектеп-лицейінің 7 «в» сынып оқушылары мен жетекшісі Альфия Хапуова және Т. Жароков атындағы ЖББОМ-ның оқушыларының қатысуымен «Жаужүрек жерлесіміз жайында» атты экспозициялық көрме жасақталды.

Беташар сөз кезегі Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық музей бөлімінің меңгерушісі Меңдігүл Фазыловаға жолданып, көрме барысында шақырулы қонақтар Ұлы Отан соғысында заманның зауалына қарсы тұрып, Отанымызды жанқиярлықпен қорғап, сол жолда мерт болғандар мен ерлікпен шайқасып, елге аман оралған, бүгінде қайтпас сапарға аттанған майдангерлер мен тыл ардагерлерінің рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды. Ұлы Отан соғысында батыр халықтың буыны екенін сан мәрте дәлелдеп, сұрапыл соғыста қаймықпай от кешіп, Отан қорғауда көзсіз ерлік көрсеткен Сұлтан Бисекенов туралы Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық музей бөлімінің меңгерушісі, ҚР Журналистер одағының мүшесі Меңдігүл Ғарифоллақызының аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің 2022 жылдың 3 мамырындағы №18 (8350) санында жарық көрген «Жауынгерміз біз айбынды, қаһарымыз қар бораған» атты мақаласы музей қонақтарына кең көлемде таныстырылды. #бқомузейлері

Жемчужины фонда

Продажа билетов

Архив

Сентябрь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1

Схема проезда

Социальные сети

       

Copyright © 2011-2019. Западно-Казахстанский областной историко-краеведческий музей