Орашева Қаламқас Қожахметқызының туғанына 70 жыл толуына орай мәдени-шара ұйымдастырылды

БҚО тарихи-өлкетану музейінің бөлімі «Рухани жаңғыру»  музейінде әнші, термеші, жыраулық өнер  дәстүрін насихаттаушы  Орашева  Қаламқас  Қожахметқызының туғанына 70  жыл толуына орай «Ән-ғұмыр» көрме өткізіліп, мәдени-шара ұйымдастырылды.

Көрмеге БҚО тарихи-өлкетану музейінің қорындағы Орашева  Қаламқас  Қожахметқызының фотосуреттері, құжаттары, грамоталары, сахналық киімі т.б қойылды.

Шараға Дина Нұрпейісова атындағы балалар саз мектебі  директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Алмагүл Ерсайынқызы, дәстүрлі  ән бөлімінің  оқытушысы    Айжан Аскатовна және Сәуле Мақсотқызы, Құрманғазы атындағы саз Колледжінің ұстаздары және студенттері, музей қызметкерлері  қатысты. Шара барысында Қаламқас Орашеваның өмірлік жолынан мәлімет  беріліп, бейнеролик  көрсетілді. Сондай-ақ Дина Нұрпейісова атындағы балалар саз мектебінің тәрбиеленушілері  Қаламқас Орашеваның  репертуарынан термелер орындап, домбырамен өнер көрсетті.

 

Жемчужины фонда

Продажа билетов

Архив

Июнь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Схема проезда

Социальные сети

       

Copyright © 2011-2019. Западно-Казахстанский областной историко-краеведческий музей