2023 жылдың 13 сәуір күні Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі Бөрлі тарихи-өлкетану музейінде «Ескерткіш ата мұрасы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Шараға Батыс Қазақстан Облысының саңыраулар қоғамының Ақсай қаласы бойынша мүшелері және жетекшісі сурдоаудармашы Амангелдина Балғайша Аманбайқызы қатысты.Көрме соңында қатысушыларды музейдің экскурсоводы А Ғ Стаев тарихи – өлкетану музейінің залдарымен танысып шықты.
Шараның мақсаты: Киелі жерімізде өткенімізден сыр шертетін, дара тұлғалар өмірінен тың мағлұмат беретін тарихымыздың өшпес бір бөлігі іспеттес ғимараттар мен ескерткіштер жеткілікті. Бұл – кейінгі өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беретін мәдениеттің қайнар бұлағы. Шараның басты мақсаты – көрмеге қатысушылармен музей келушілерін тарихи құндылықтарымызбен таныстыру, тарихи ескерткіштеріміз бен мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтауға, құрметтеуге шақыру.