«Біздің қанатты достарымыздың мерекесі» тақырыбында шара өткізілді

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі Табиғат және экология музейінде Халықаралық құстар күніне арналған «Біздің қанатты достарымыздың мерекесі» тақырыбында шара өткізілді.

Шараға эстетикалық бағыттағы гимназияның мұғалімі Рахметова Ақгүл Жәрдемқызы, эстетикалық бағыттағы гимназияның оқушылары, музей қызметкерлері қатысты. 

Шараның мақсаты: оқушылардың құстар туралы білімдерін кенейту. Құстар туралы әңгімелер, ертегілер, мақал-мәтелдер, жаңылпаштар айту, жұмбақтар жасыру. Қызыл кітапқа енгізілген құстармен таныстыру. Оқушыларды табиғатты сүйіп, құстарға қамқорлық жасай білуге баулу.

Шараны ашқан музей меңгерушісі Айгүл Омарғалиқызы шақырулы оқушыларға қош келдіңіз айтып, алғы сөзін сөйледі.

Шара барысында көктемнің келуінен хабар беретін құстар әлеміне арналып түрлі өлең жолдары оқылып, мақал – мәтел және жұмбақтар жасырылды. Құстың даусын тыңдау арқылы, ол құстың кім екенін атап беру шартымен оқушылар арасында конкурс ұйымдастырылды. Қызыл кітапқа енгізілген құстардың түрлері аталып, оларға оқушылар сипаттама берді.

Шараның сонында белсенді қатысқан оқушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.

?>

Жемчужины фонда

Продажа билетов

Архив

Июнь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Схема проезда

Социальные сети

       

Copyright © 2011-2019. Западно-Казахстанский областной историко-краеведческий музей