Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі Мәншүк Мәметова мемориалдық музейінде Сталинград шайқасындағы жеңістің 79 жылдығына орай шара өтті.
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі Мәншүк Мәметова мемориалдық музейінде Сталинград шайқасындағы жеңістің 79 жылдығына орай шара өтті.
Батыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейінің бөлімі М.Мәметова мемориалдық музейінің меңгерушісі Ахмедияр Қуанұлы шақырулы қонақтарға қош келдің айтып, Батыс Қазақстан өңірінің соғыс жылдарынан архив құжаттары негізінде нақты мәліметтер келтіріп, Сталинград майданы туралы жазылған кітаптарға шолу жасаса, БҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Қабышұлы көзкөрген майдангерлер естеліктерімен бөлісті.
ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық Қорғаныс университетінің докторанты, подполковник Амангүл Алдабергенова онлайн режимде «Батыс Қазақстанның Сталинград майданына тартылуы» тақырыбында баяндама оқыса, РФ Волгоград қаласындағы «Курган» іздеу тобының командирі Алексей Медведев пен Волгоград облысы, Палласовка ауданы, Эльтон ауылындағы «Алтын нұр» этнографиялық орталығының басшысы, ресейлік өлкетанушы Смағұл Мунтаевтің батысқазақстандықтарға бейнероликпен жолдаған құттықтау сәлемдемесі көрсетілді.
Белгілі өлкетанушы Айболат Шамұратұлы Орда ауданының Сталинград майданының жақын тылы болғанын тілге тиек етті. Шара барысында Сталинград шайқасына қатысушы жерлесіміз Абжай Салиевтің келіні Гүлзада Салиева мен немересі Тимур Салиев майдангер естеліктерімен бөліссе, Әлия Сағынова «Сталинград» өлеңін жатқа айтты.
Шараға Махамбет Өтемісов атындағы БҚУ тарих, экономика және құқық факультетінің студенттері қатысты.