Сәкен Ғұмаров музей-үйіндегі 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған «Тұғыры биік–Елбасы!» шарасы туралы ақпарат

Батыс Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану музейінің бөлімі Сәкен Ғұмаров музей-үйінде Мектептен тыс жұмыс орталығы «Қылқалам» бейнелеу өнері үйірмесі тәрбиеленушілерінің қатысуымен Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халқына жасаған игі істерін насихаттай отырып, Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ету, жас ұрпақ бойында патриоттық сезімдерін арттыру және Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу мақсатында «Тұғыры биік Елбасы» шарасы өткізілді.
1994 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев ресми іссапармен Орал қаласына келеді, осыған байланысты қаламыздың ағартушылар үйінде Сәкен Гумаровтың көрмесі ұйымдастырылады.КСРО журналистер Одағы мен Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі болған, 30 жыл кескіндеме өнерімен айналысқанСәкен Ғұмаровтың біртума өнер туындыларына тәнті болған тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев осы музейдің ашылуына себебші болған. Шара барысында Елбасының елеулі игі істеріне толы слайдтар және С.Ғұмаров өмірі мен шығармашылығы туралы кең қамтылған деректі фильмнен үзінділер көрсетілді. Сонымен қатар Мектептен тыс жұмыс орталығының «Жас тілші», «Жас оқырман» үйірмелерінің тәрбиеленушілері жерлес ақынымыз А.Нәріковтың «Сәкен Ғұмаров» өлеңін мәнерлеп оқыса, «Гүлдер», «Еркем-ай» вокал студияларының кішкентай әншілері патриоттық әндерімен шараның сәнін келтірді.

Жемчужина қоры

Билет сату

Мұрағат

April 2024
Mo Tu We Th Fr Sa Su
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5

Жол жүру сұлбасы

Әлеуметтік желілер

       

Copyright © 2011-2019. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі