«Табиғаттың көркем сыйлары ерекше қорғалады!»

Табиғат және экология музейінде «Қорықтар мен Ұлттық саяжайлар» күніне арналған «Табиғаттың көркем сыйлары ерекше қорғалады!» атты экологиялық шара өтті. Шараға «Балбөбек» балабақшасының тәрбиеленушілері қатысты. Балаларға «қорық», «саяжайлар» туралы  әңгіме түрінде мағұлматтар бере отырып,  оларға табиғат сұлулылығын  аялай білуге тәрбиелеу   мақсатында өткен шарада балалар табиғат туралы  әндер  жанылтпаштар,  мақал-мәтелдер айтып,   би биледі. 

«Сталинград. 200 күн батылдық пен шыдамдылық»

Мәншүк Мәметова мемориалдық музейінде Сталинград жеңісінің 77-жылдығына арналған «Сталинград. 200 күн батылдық пен шыдамдылық» атты ерлік сабағы өтті.
Шараға Ұлы Отан соғысы ардагерлері, Сталинград шайқасының қатысушысы Шишонков Г.Ф., Сафин Х.А., Сколенко В.П., қарулы күштер ардагері – Дегтяров Н.А., Боровский А.В., облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Мұхаметов М.Ә., әскери-техникалық мектеп курсанттары, музей қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

«Ұлы Жеңіс- ұрпаққа аманат»

Ұлы жеңіске 75 жыл...

Бұл Жеңіс күні - 75 жыл бұрын бейбіт өміріміздің бастауы болған күн. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі қоры негізінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс- ұрпаққа аманат» атты жылжымалы көрме неке сарайыда жабдықталды.

«Еленбеген ерлік»

Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейімен «Руханижаңғыру» орталығының бірігіп ұйымдастыруымен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «ЕЛЕНБЕГЕН ЕРЛІК» атты тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды. Кештің басты мақсаты - Ұлы Отан соғысы майданында қаза тапқан, аты аңызға айналған Абдолла Жұмағалиевтың ерлігін ұлықтау арқылы қазақ халқының теңдесіз ерлігіне құрмет көрсету, артынан өшпестей із қалдырған батыр ерлігін насихаттау арқылы студент жастардың тарихи санасын қалыптастыру, ақын Қасым Аманжолов поэмасының бас кейіпкері Абдолла Жұмағалиевтың еленбей келген ерлігін жаңғырту және өзіне лайық бағасын беру.

«Жүз жылдық жылнама»

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі «Рухани жаңғыру» музейінде «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған «Жүз жылдық жылнама» атты дөңгелек үстел өтті.

«Жаһандану заманыңдағы негізгі тренд – интерактивті музей»

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің 5 жылдығына орай 2019 жылдың 18-19 желтоқсан күндері «Қазақстан музейлері: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халықаралық конференция өтті. Конференцияға «Жаһандану заманыңдағы негізгі тренд – интерактивті музей» баяндамасымен Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі бөлімі Е.Пугачев музей-үйінің меңгерушісі Нажмеденова Виктория Жайдарманқызы қатысты.

«Тұңғыш Президент - Кемеңгер Қөшбасшы»

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы - елдің тұтқасы» атты шара және музей қоры жәдігерлері негізінде «Тұңғыш Президент-Кемеңгер Көшбасшы» тақырыбында көрме жабдықталды.

«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында Сәкен Ғұмаров музей-үйімен бірлесе отырып «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» мерекелік кеші өткізілді. Мерекелік шараға «Тәуелсіздік – ел бақыты!» кітап инсталяциясы ұйымдастырылды. Шара кітапхана директоры Қ.Бурамбаеваның құттықтау сөзімен басталып, Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстанның жетістіктері, сондай-ақ өз Отанын әлемдік аренада паш еткен қазақстандықтардың есімдерімен танысты.

«Елімнің егемендігі-Тәуелсіздік»

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі «Рухани жаңғыру» музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Елімнің егемендігі - Тәуелсіздік» атты мәдени шара өтті. Шара «Родничок» бөбекжайының тәрбиеленушісі Анарбек Кәусардың ҚР әнұранын орындауымен ашылды.

«Ақжайық өңіріндегі өнегелі істер»

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясындағы Жастар жылына арналған, Ақжайықтың таңдаулы жоғары және орта оқу орындарының тарихымен таныстырып, жастардың өлкенің рухани және мәдени мұрасына қызығушылықтарын арттыру, рухани дамуына музейдің өзіндік үлесін қосу мақсатында ұйымдастырылған «Музейстар-2019» жобасының қорытынды шарасы және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Ақжайық өңіріндегі өнегелі істер» атты көрменің ашылуы өткізілді.

Page 1 of 4

Copyright © 2011-2019. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі