«Жүз жылдық жылнама» атты дөңгелек үстел

Облыстық маслихат хатшысы Мәлік Иманқұлұлы дөңгелек үстелге шақырылған қонақтарды таныстыра отырып, өңірімізге арнайы іс-сапармен келген «Егемен Қазақстан республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дархан Қуандықұлына айтулы шараға қатысуына орай ризашылық білдіріп, сөз кезегін ұсынды. Дархан Қуандықұлы музейге оң бағасын бере отырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Мерейтойға арналған іс- шаралардың Семей қаласынан бастау алғанын, бүгінгі кездесуден кейін арнайы экспедиция Орынбор қаласына шыққалы отырғанын айтты. Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Н.Айтұлы газеттің 100 жылдығына мерейтойына арналған өлеңін оқыды.

Сондай-ақ, шараға ардагер журналист Т. Әліпқали, Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры Б.Халиолла, «Егемен Қазақстан» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі

Қ. Құттымұратұлы, ҚР мәдениет қайраткері, өлкетанушы С.Танабаева, БҚИТУ профессоры т.ғ.к., доцент, алаштанушы Д.Сүлейменова, Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев, БҚО тарихи-өлкетану музейінің директоры М. Ерсаев, тарих ғылымдарының кандидаты, археолог М.Қалменов, «Жайық пресс» ақпараттық агенттігінің тілшісі Н.Динара және БҚИТУ студенттері қатысты.

Шара барысында Дархан Қуандықұлына ардагер журналист Тихон Әліпқалиұлы газеттің тиражына байланысты сұрақтар қойса, алаштанушы Дәметкен Досмұханқызы бас газетке мақала жариялау жолдарын сұрады. Студенттер қауымы да газет сайтының жұмысына өз қызығушылықтарын білдірді. Шара соңында Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Қабдырұлы Дархан Қуандықұлына алғыс хат табыстады.

Жемчужина қоры

Билет сату

Мұрағат

April 2024
Mo Tu We Th Fr Sa Su
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5

Жол жүру сұлбасы

Әлеуметтік желілер

       

Copyright © 2011-2019. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі