«Ескерткіш ата мұрасы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды

2023 жылдың 13 сәуір күні  Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі Бөрлі тарихи-өлкетану музейінде «Ескерткіш ата мұрасы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

Шараға Батыс Қазақстан Облысының саңыраулар қоғамының Ақсай қаласы бойынша мүшелері және жетекшісі сурдоаудармашы Амангелдина Балғайша Аманбайқызы қатысты.Көрме соңында қатысушыларды музейдің  экскурсоводы А Ғ Стаев тарихи – өлкетану музейінің залдарымен танысып шықты.

Шараның мақсаты: Киелі жерімізде өткенімізден сыр шертетін, дара тұлғалар өмірінен тың мағлұмат беретін тарихымыздың өшпес бір бөлігі іспеттес ғимараттар мен ескерткіштер жеткілікті. Бұл – кейінгі өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беретін мәдениеттің қайнар бұлағы. Шараның басты мақсаты – көрмеге қатысушылармен музей келушілерін тарихи құндылықтарымызбен таныстыру, тарихи ескерткіштеріміз бен мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтауға, құрметтеуге шақыру.

Жемчужины фонда

Продажа билетов

Архив

Май 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2

Схема проезда

Социальные сети

       

Copyright © 2011-2019. Западно-Казахстанский областной историко-краеведческий музей