Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі М.Шолохов мемориалдық музейі Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар Нұрғаным Бекенқызы Байсейітова мен Макиевская Татьяна Ивановнаның 100 жылдығына арналған «Майдангер қыздар» атты іс-шара өтті.
Іс-шараға Т.И. Макиевскаяның қызы Надежда Петровна, Дариян ауылдық округіндегі жалпы білім беретін мектептерінің 9-10-11 сынып мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында музей қызметкерлері мектеп оқушыларына Н.Б.Байсейітова мен Т.И.Макиевскаяның Ұлы Отан соғысына қатысқаны туралы баяндады. Т.И.Макиевскаяның қызы Надежда Петровна балаларға жауынгерлердің түпнұсқа наградалары мен құжаттарын көзбен көрсету үшін анасына медальдар мен әскери билет алып келді.
Дариян орта мектебі мен Абай атындағы мектеп-интернатының оқушылары соғыстағы әйелдердің қайсар ерлігі мен қаһарман қазақ әйелдері М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Х.Доспановалар туралы өлеңдер оқыды. «Шолоховедение» үйірмесінің мүшелері (жетекшісі Павлюк М.Е.) «А зори здесь тихие» әңгімесінен сахналық қойылым көрсетті.