«Ақжайық өңіріндегі өнегелі істер»

Шара барысында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ерсаев Мирболат Бижанұлы өзінің алғы сөзінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Жастар жылы аясында ұйымдастырылған «Музейстар-2019» атты жобасының қатысушыларын марапаттады. Келесі сөз кезегінде «Жастар саясаты мәселелері» басқармасының «Жастар ұйымдарымен жұмыс» бөлімінің бас маманы Зұлхаров Әділгерей Сырымбетұлы барша шара қонақтарына, жобаның қатысушыларына толағай табыс тіледі.

Шараның екінші бөлімі 2019 жылдың 15-21 қазан аралығында Батыс Қазақстан облысының аумағында өткізілген «Арайлы Ақжайық» экспедициясының фотокөрмесімен жалғасты. Фотокөрмеде «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму» басқармасы «Туризм» бөлімінің басшысы Беккалиев Ғалым Ибатоллаұлыэкспедициясының мақсаты мен міндетін көрерменге баяндап, музей экскурсоводы М.Сәндібеков «Орал: Қазақстанның Батыс қақпасы» атты фотокөрмемен таныстырды.

Шараға «Музейстар-2019» жобасының қатысушылары, оқу орындарының ардагер ұстаздары, оқытушылары мен студенттері, музей қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Жемчужина қоры

Билет сату

Мұрағат

April 2024
Mo Tu We Th Fr Sa Su
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5

Жол жүру сұлбасы

Әлеуметтік желілер

       

Copyright © 2011-2019. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі