Get Adobe Flash player

Басты мәзір

  • Домашняя страница
  • История музея
  • Законодательство
  • 3D галерея
  • Фотогалерея
  • Виртуальный тур
  • Видеогалерея
  • Карта проезда
  • Гостевая книга

Көпшілік шаралар

«Кең сарай, Сахарада өтті күнім...»

2017 жылдың 13 қазан күні Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінде Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеевтің туғанына 170 жыл толуына орай «Кең сарай, Сахарада өтті күнім...» атты әдеби - танымдық шара өтті.


 

Майдангер журналист

2017 жылдың 26 қыркүйек күні Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінде қоғам қайраткері, танымал журналист, соғыс және еңбек ардагері Бисен Жұмағалиевке арналған «Майдангер журналист» атты еске алу кеші болды.


 

Нұрлы гұмыр тағылымы

10 октября 2017 года в Западно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее к 100-летию со дня рождения поэта, публициста, кандидата филологических наук С. Сеитова состоялось открытие выставки «Нұрлы гұмыр тағылымы».

 

Баланың бесігі - кең дүниенің есігі

2017 жылдың 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай БҚО тарихи-өлкетану музейінде «Ел іші - өнер кеніші» жобасы аясында «Баланың бесігі - кең дүниенің есігі» атты көрме жабдықталды.


 

«Термелетіп, жырлайын»

БҚО тарихи-өлкетану музейінде жыр-терме өнерінің ардақтылары Жақсылық Сәрсенғалиев, Қалампыр Рахимова, Қаламқас Орашевалардың есімін ұлықтауға арналған «Термелетіп, жырлайын» республикалық термешілер байқауының  жеребе тастау  рәсімі өткізілді.

 

«Ашық есік» күні және «Музейдегі түн» акциясы

2017 жылдың 18 мамыр күні Халықаралық музейлер күніне орай «Ашық есік» күні және «Музейдегі түн» акциясы аясында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде сағат 10.00-ден 19 мамыр түнгі сағат 02.00-ге дейін мәдени іс-шаралар өтті.


 

Тағылымы мол тарлан тәлімгерлер

2017 жылдың 8 маусым күні БҚО тарихи-өлкетану музейінде ғалым, ҚР Білім беру ісінің үздігі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бірімжаров Бақтығұл Қабдырұлының туғанына 70 жыл және ғалым, тарих ғылымының кандидаты Кенжалиев Исатай Нәсекенұлының туғанына 90 жыл толуына орай «Тағылымы мол тарлан тәлімгерлер» атты көрменің ашылуы мен тарихи-тағылымды шара өтті.


 

18 мамыр - Халықаралық музейлер күніне арналған «Ашық есік күні» мен «Музейдегі түн» акциясы

18 мамыр - Халықаралық музейлер күніне арналған  «Ашық есік күні» мен «Музейдегі түн» акциясы аясында бірқатар мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды. Мәдени шаралардың бастауы «Мәңгілік елге саяхат» деген атпен қазақ драма театрында бастау алды. Шара барысында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Марат Лұқпанұлына сөз ұсынылды. Марат Лұқпанұлы музей қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етті. Сонымен бірге БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының  басшысы Д.Құсайынов, «қалалық, мәдениет, спорт және  ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік  одағы» қоғамдық  бірлестігі  БҚО  филиалының төрағасы А.Батырханов сөз сөйлеп, музей қызметкерлерін марапаттауды жалғастырып, алғыс хат пен төс белгілер табыстады.  Одан кейін мерекелік бағдарлама «Ғасырлар мұрасы» қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесімен жалғасып, музей залдарында жергілікті журналистер, ақындар мен әншілер экскурсия  жүргізді. Сонымен бірге қаламыздағы №38 мектеп оқушыларының қатысуымен квест ойыны, шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, «Жауқазын» жобасы аясында Қаратөбе балалар шығармашылығы орталығының «Тәуелсіздік - ел тірегі» атты көрмесімен мерекелік концерті  жеке музей қорындағы ХІХ-ХХ ғғ.самаурындар көрмесі көрермен назарына ұсынылды. Сондай-ақ Құрманғазы атындағы саз колледжі студенттерінің қатысуымен ұлттық салт-дәстүрден көріністер көрсетіліп, «Атадан қалған асыл өнер» ат әбзелдерін насихаттау бағытында ат ерттеу, Домбыра – Party, спорттық ойындар, шеберлік сыныптары көрсетілді. Ал кешкілік бағдарламада мерекелік қорытынды концерт пен қазақ драма театры актерлерінің қатысуымен  «Тарихтың сырлы әлемі» атты театрландырылған көріністер  қойылды. Халықаралық музейлер күніне арналған  «Ашық есік күні» мен «Музейдегі түн» акциясы аясында өткізілген мәдени-көпшілік шараларды  2500-ге тарта қала халқы тамашалады.


 

С.Ғұмаров музей-үйінде өткен «Ғасырлар үні» атты көрме

2016 жылдың 12 мамыр күні  Сәкен Ғұмаров музей-үйінде  ХІХ-ХХ ғасырларға жататын музыкалық аспаптардан жабдықталған «Ғасырлар үні» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.

Көрменің  мақсаты: ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, көнеден келе жатқан мәдени мұраларымызды өскелең жас ұрпаққа дәріптеу, ұлттық музыка аспаптарды жасайтын адамдарды насихаттау.

Көрмеге домбыра жасау шебері Едіге Нәбиев, дарынды балаларға арналған №11 Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық қазақ мектеп кешені жанындағы өнер мектебінің мұғалімдері мен оқушылары, №3 саз мектебі оқушылары мен жетекшілері, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің музыка мамандығының І-курс студенттері,  музей қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шараны өнер мектебінің «Жігер» домбырашылар ансамблі «Бейбітшілік» күйімен ашса, кейін мектептің бірқатар өнерлі оқушылары түрлі аспаптарда ойнап, өз өнерлерін паш етті. Сонымер қатар шара барысында  домбыра жасау шебері Едіге Нәбиев көрмеге қатысушы оқушыларға өзінің шеберлігінің қыр-сырларын баяндады. Шара көрме залында жабдықталған музыкалық аспаптарды баяндаумен жалғасын тапты.


 

«Жауқазын-2016» жобасы аясындағы Сырым ауданы балалар шығармашылық орталығының жас суретшілері мен қолөнер шеберлерінің «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты көрмесі

2016 жылдың 29 сәуір күні  Батыс Қазақстан  облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жауқазын-2016» жобасы аясында Сырым ауданы балалар шығармашылық  орталығының жас суретшілері мен қолөнер шеберлерінің «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты көрменің  ашылуы  мен мәдени-көпшілік шара өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына - 25 жас талантты анықтауды  және Сырым аудандық жас таланттардың туындыларын қала тұрғындары мен қала қонақтарына таныстыруды мақсат еткен шараға ардагер, Сырым ауданының Құрметті азаматы Е.Әжібаев, танымал өлкетанушылар Ж.Ақбай мен С.Танабаева, Сырым ауданы әкімінің орынбасары А.Сарқұлов, Сырым ауданының ардагерлері және Сырым ауданының балалар шығармашылық орталығының үйірме мүшелері мен жетекшілері, БАҚ өкілдері және музей қызметкерлері қатысты.

Шараның алғы сөзі БҚО тарихи-өлкетану музей директорының орынбасары А.Қабиевке ұсынылды. Өз кезегінде А.Қабиев Сырым ауданы әкімдігіне ризашылығын білдіріп, Сырым ауданы әкімінің орынбасары А.Ахметоллаұлына алғыс хат  табыс етті.

Шара барысында ардагер Ә.Әжібаев, өлкетанушылар Ж.Ақбай, С.Танабаева, ардагер ұстаз Г.Мәжитова сөз сөйлеп, «Жауқазын-2016» жобасын ұйымдастырып отырған музей ұжымына алғыстарын білдірді.

Сонымен қатар шарада республикалық байқаулардың жеңімпазы «Еркеназ» би тобы би билеп, балалар саз мектебінің оқушысы, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты  Г.Утеуллина халық әнін орындады. Одан әрі «Балдәурен» балалар фестивалінің жеңімпаздары А.Тұралиева мен И.Ахметкаирова ән салып шараны әрлендіре түсті. Шарадан кейін қонақтар «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты көрмені тамашалады.

Көрмеге Сырым ауданының балалар шығармашылық орталығының үйірме мүшелері мен жетекшілерінің кескіндеме, графика, мүсін, фотоөнер, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары ұсынылды.

 

Көрмені Орал қаласының тұрғындары мен қала  қонақтары 16 мамырға  дейін тамашалай алады.

 

JavaScript is disabled!
To display this content, you need a JavaScript capable browser.

Западно-Казахстанский государственный университет им. М. Утемисова

Тіркелу

Жемчужины фонда

Смотреть все
Біздің сайт туралы қайдан білдіңіз?
 
«  Января 2018  »
ПоВтСрЧеПяСуВо
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031