Get Adobe Flash player

Басты мәзір

«Жайықтың қасиетті орындары» атты республикалық өлкетанушылар форумы

2018 жылдың 18-23 маусым күндері Батыс Қазақстан облысы әкімдігі басшылығымен, Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының қолдауымен, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Жайықтың қасиетті орындары» атты республикалық өлкетанушылар форумы өтті.


«Жайықтың қасиетті орындары» атты халықаралық форум аясында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» және «Рух дауысы» атты музейдегі түн акциясы өтті. «Жайықтың қасиетті орындары» атты республикалық форумның ашылуы, пленарлық және секциялық отырыстарына әр Қазақстанның әр облысынан музей басшылары мен қызметкерлері келіп қатысты. «Жайықтың қасиетті орындары» атты форумның ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Музей және кітапхана басқармасының бас сарапшысы Н.Кадримбетова,"Kazmuseum.kz" қорының жетекшісі, музейтанушы Н.Жолбарыс, тарих ғылымдарының кандидаты, мемлекеттік тарихи-мәдени «Есік» қорық-музейінің ғалым хатшысы Ғ.Файзуллина, БҚО мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев, «қалалық, мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі БҚО филиалының төрағасы А.Батырханов, ҚР Мәдениет қайраткері, музей ардагері С.Танабаева, Республика бойынша музей директорлары мен өлкетанушылар өлкемізге танымал тұлғалар мен музей ардагерлері, қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Форум модераторы БҚО мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев болды. Форум Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұловтың алғы сөзімен ашылса, келесі сөздер кезегі мемлекеттік тарихи-мәдени «Есік» қорық-музейінің ғалым хатшысы Ғ.Файзуллина мен ҚР мәдениет және спорт министрлігі Музей және кітапхана басқармасының бас сарапшысы Н.Кадримбетоваға ұсынылды. Форумда Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры М.Ерсаев «Тәуелсіз еліміздің музейлері қандай болуы керек» атты "Kazmuseum.kz" қорының жетекшісі, музейтанушы Н.Жолбарыс «Музей саласын басқару мен штаттық құрылымын бекітудегі шетел тәжірибесі» атты, мемлекеттік тарихи-мәдени «Есік» қорық-музейінің ғалым хатшысы Ғ.Файзуллина «Современные тренды в музеях Казахстана: будущее в нашем сегодня», «ТORUS.KZ»ЖШС – техникалық директоры Д. Габдуллаев «Музейлік кешенде қолданылатын виртуалды технологиялар» тақырыбындағы баяндамалар оқылды. «Жайықтың қасиетті орындары» атты республикалық форум Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде тарихи-мәдени шаралармен жалғасын тапты. Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ақтөбе, Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейлерінің көрмесі және суретші-иллюстратор Аңсаған Мұсатфаның көрмесінің ашылу салтанаты өтті. «Құммен сурет салу» шеберлік сабағы, киіз басу технологиясы, табақ тартудан шеберлік сабақтары, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылса, кешкі бағдарламалар «Рух дауысы» атты мерекелік концертпен жалғасты. Мерекелік шарада Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншілері мен облыстық жастар шығармашылық орталығының қызметкерлері өнер көрсетті. Концерт барысында қалалық дизайнерлердің жұмыстарынан құрылған сән көрсетілімі өтті. «Рух дауысы» атты музей түні облыстық қазақ драма театрының әртістері тарихи кейіпкерлердің рөлін сомдап, экспонаттарға жан бітірді.Тас дәуірі кезеңі, Қазақ Хандығының құрылу кезеңдері, күй атасы Құрманғазы мен оның оқушысы Динаны, Қыз Жібектің, Алаш қайраткерлері бейнелері сомдалып , 1937-38 жылдардағы репрессия, 1941-45 жылы Ұлы Отан соғысы кезендері көрсетіліп, көпшіліктің көңілінен шықты. Театрландырылған көріністер көп ұлтты тәуелсіз Қазақстан Республикасын бейнелейтін бүлдіршіндердің биімен аяқталды. Форумының жалғасы жалпыұлттық 100 нысанға кірген облыстағы 7 нысанды аралап,оған саяхат жасалды. Жайық қалашығында тарихи-мәдени шаралар қатысушыларына ортағасырлық қалашық жөнінде толық экскурсия жүргізіліп, қазба жұмыстары барысында табылған жәдігерлерден шағын көрме ұйымдастырлды. Көрме «Ұлы Жібек жолындағы керуеншілер» ( XIII-XV ғасыр) театрландырылған көрініспен жалғасын тапты. Островский атындағы орыс драма театрының актерлері осы қалашықта болған саяхатшылар, зерттеушілердің бейнелері сомдады. Келесі киелі орын Теректі ауданы Долинный елді мекеніндегіТақсай обалар кешеніне жалғасты, онда «Алтын ханшайым» көрмесі ұйымдастырылды. Археолог Я.Лукпанованың «Алтын Ханшайымның қалай табылғаны жөнінде тереңірек айтылды. Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының актерлерінің қатысуымен «Алтын ханшайым» көрінісі сомдалды. Үшінші нысан Жұмағазы хазірет «Дәдем ата» қорымында зиярат етіп, ас берді. Жұмағазы хазірет туралы мағлұмат алды.Облысымыздың жеті қасиетті орыны республиканың қасиетті орындары географиясына енсе, оның бірі Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылы. Өйткені Жымпиты – тәуелсіздікті аңсаған алаш қайраткерлерінің арманы мен тілегі, жоспары тоғысқан жер, Батыс Алашорданың астанасы. Өңірлерден келген өлкетанушыларға С.Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде экскурсия жүргізілді. Экскурсия №4-ші қасиетті орын қазіргі «Алаш музейінде» ұйымдастырылған «Алаш ардақтылары» атты театрландырылған қойылыммен жалғасын тапты. Форумға қатысушылар Сырым ауданында үлгі аларлықтай істер барына, Сырым батырдың жерленген жерінен топырақ әкелініп, кесенесі тұрғызылғанына риза болды. Өз өңірлеріндегі елден жырақта жатқан батырларының топырағын туған жерге әкеліп, кесене орнатып, өнегелі іс жасау туралы жергілікті басшыларына ұсыныс тастайтындарын айтты. 21 маусым делегаттар қасиетті орындармен танысу үшін туристік сапарға шығып, Жәнібек ауданына да ат басын тіреді. Аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов, ауылдың ақсақалдары, ақ әжелер, рухани ошақ қызметкерлері және аттылы жігіттер қонақтарды жолдан қарсы алып, ақтан дәм татқызды. Аудан мақтанышы, айтыскер ақын Назгүл Кәрімова қонақтарға Ғұмар елі хақында арнауын төгілтсе, зейнеткер Меңсұлу Жұмақұлова да жүрегінен шыққан жыр шумақтарын оқып берді. Сағат 14.00 де Алаш қайраткері Ғұмар Қараш саябағында Ғұмар Қараш оқулары өтті. Шара аудан әкімінің орынбасары Біржан Нұрланұлының алғы сөзімен басталды. Біржан Нұрланұлы өз сөзінде форум қатысушылары мен қонақтарға қош келдіңіздер айтып , «Киелі жер» жобалары бойынша жалпыұлттық маңызы бар қасиетті 100 нысанға БҚО бойынша Ғұмар Қараш қорымының енуі, ақынның туған жерінде кесенесінің тұрғызылуы туралы баяндады. Өз кезегінде сөз алған БҚО мәдениет басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Қауланова форумның мақсатына тоқталып өтті. Сондай-ақ жиналған қауымға Борсыдан арнайы келген оқушылар Ғұмар Қараштың өлеңдерін нақышына келтіре оқып берді. Баба рухына тағзым ретінде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шарадан кейін қонақтар Жәнібек аудандық тарихи-өлкетану музейінің құнды жәдігерлерімен танысты. Батыс Қазақстан облысында 18-23 маусым аралығында өткен «Жайықтың қасиетті орындары» атты республикалық өлкетанушылар форумы Бөкей ордасында өз мәресіне жетті. Форумға қатысушыларды Бөкей ордасы әкімінің орынбасары Қайырғалиева Лариса Тельманқызы, ауыл әкімі Сисенов Медет Исаұлы, Бөкей ордасы тарихи-музей кешені директоры Махимов Ғайса Темірболатұлы жолдан қарсы алып, ақтан дәм татқызды. 22 маусым күні хан Жәңгір, күйші Дәулеткерей, ғалым Мұхамед-Салық Бабажанов кесенелеріне барып, құран бағыштады. Осы кесенелерді құрайтын пантеонды аралап естелік фотосуретке түсті. Хан қорымындағы күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан 500-ден астам құлпытастың кімдерге қойылғандығына қызығушылық танытты. Одан соң Бөкей ордасы тарихи-музей кешеніне атбасын бұрған форум қатысушылары Хан сарайында өткен театрландырылған көріністі тамашалады. Осы форуммен тұспа-тұс келген Тәуелсіздік музейіндегі «Рухани жаңғыру» залының ашылу салтанатында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасының бөлім басшысы Г. Кауланова форумның маңыздылығына тоқталса, ардагер ұстаздар «Бөкей ордасының құрметті азаматтары» Б.Қожағалиев, С.Байзонов жастардың рухын көтеру мәселесін қозғады. Рухани жаңғыру залын ашу ардагер ұстаз Разия Қилышқымен Орда ауылдық округі әкімі М.Сисеновке берілді. Форумның соңы «Музейлер туристік нысан ретінде» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысымен аяқталды. Сохранить

JavaScript is disabled!
To display this content, you need a JavaScript capable browser.

Западно-Казахстанский государственный университет им. М. Утемисова

Тіркелу

Жемчужины фонда

Смотреть все
Біздің сайт туралы қайдан білдіңіз?