Get Adobe Flash player

Басты мәзір

БҚО әкімдігінің күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай Ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні» жобасы аясындағы Халықаралық ғылыми экспедиция

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың "Болашақкқа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасының бір жылдығына орай БҚО әкімдігінің күй атасы Кұрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына арналған "Ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні"жобасы аясында ұйымдастырылған халықаралық ғылыми экспедиция бабамыздың басқан ізімен жүріп өтіп өз жұмысын аяқтады.

Қазақстан ЮНЕСКО-ға 1992 жылы 22 мамырда мүшелікке еніп, қазір оның белді қатысушысының біріне айналып отыр. Осы жылдарда Қазақстан мен ЮНЕСКО-ның ынтымақтастығы жаңа сапа¬д¬а¬ғы биік деңгейге көтерілгенінен бәрімізде хабардар болып отырмыз. Дегенмен 1993 жылы ұйыммен өзара қарым-қатынаста негізгі бағыттарды анықтайтын ҚР-да ЮНЕСКО ісі бойынша ҚР Ұлттық комиссиясы құрылғанын атай кеткен жөн. 2014 жылғы 11 сәуірден бері осы Ұлттық комиссияны Мәдениет және спорт минстрі А.Мұхмедиұлы басқарып келеді. ЮНЕСКО ұйымының «2018-2019 жылдары атаулы күндер күнтізбесіне» күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойы енгізілді. Өйткені «Құрманғазы - тек біздің ғана рухани мұрамыз емес, бүкіл әлемге танылған тұлға». Сондықтан үстіміздіге жыл ішінде Құрманғазы бабамыздың 200 жылдығы ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтуде. Экспедицияның мақсаты: Ұлттық музыка өнерінің киесі болған, жасампаз да күрескер рухтың иесіндей қастерлі тұлға, «Күй атасы» атанған, ұлы қүйші- композитор, дәулескер домбырашы, өнерінен өнеге дарыған Құрманғазы Сағырбайұлының ғұмырнамасының ақиқатын, күйлерінің шығу тарихындағы шығаршашылық-қайраткерлік болмысын сипаттау бағытындағы зерттеу зерделеу жұмыстары, Құрманғазы бабамыздың басқан ізімен жүріп өтіп, Алтынжар ауылында жерленген Ұлы күйшінің басына тағзым ету, туған жерінен алынған топырақты табыстау болатын. 23 сәуір 2018ж Бұл Рухани-ғылыми жорық 19 ғасырда Бөкей хандығына аты жайылған, қара домбыраның шанағынан күй саулатып, аса дарынды күйші ретінде танылған Кұрманғазыны өнерге баулыған ұстазы Ұзақ күйшінің мәңгілік тыныс тапкан жері Қаратөбе ауданынан бастау алды. Экспедиция мүшелері Ұзақ кесенесі басында болып құран бағыштап, кесене жанына тал-теректер отырғызды. Одан әрі Қаратөбе аудандық әкімдігінің акт залында «Қос ішектің құдыреті» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді.Дөңгелек үстел барысында көптеген сұрақтар қойылып, Құрманғазы Сағырбайұлы туралы әңгіме кең көлемде айтылды. Экспедиция одан әрі өз жұмысын Жаңақала жерінде Мәмен күйші мен Тұяқберді Шәміловтің басынан өз жалғасын тапты. Дина Нұрпейісова атындағы өнер музейінде болып, музей экспозициясымен таныстық. Жаңақала аудандық Рухани орталықта 24 сәуір 2018жыл. Дина Нұрпейісова атындағы өнер музейінде болып, музей экспозициясы бойынша экскурсия тыңдалды. Аудандық рухани орталықта «Күмбір күйдің кемеңгерлері» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды. Дөңгелек үстелге ауданның еңбек ардагері, тарихшылар, өлкетанушылары қатысты. Дөңгелек үстел, отырысы үлкен қызығушылықпен тың деректердің айтылуымен, экспедицияның алдағы маршрутына жаңа жерлер қосылды. Жаңақаладан экспедиция құрамына өлкетанушы Тыныштық Өтешқалиев қосылып, экспедициямен бірге жолға шықты. Орал қазақ орыс әскерлері ХҮІІ ғасырдан бастап, Жайық өңірін отарлай бастаған еді. Сонымен бірге Жайықтың батысын да иеленді. Сарыөзен бойына 1613 жылы Қақташтан (Малоузенск) бастап әр жерге әскери пикет, форпосты (бекініс) орнатып, әскери линия құрады. Бұл жаңа әскери линия «Өзен линиясы» деп аталып, оның бойына казактар күштеп әкелініп орналастырылады. Осы кезде Қараөзеннің Самар көліне құяр сағасына Орал әскери офицерінің малына сақшы болуы үшін Бородин Никифорович Фокей деген казакты көшіріп әкеледі. Ол ондай бай адам емес болатын, бір қазақ шаруаның жер кепесіне орналасып сонда тұрады. Қазақтар оған көлік беріп, үй салып алуы үшін көмектескен. Осылайша Бородин қазақтармен тату болып, араласып тұрған, балалары да қазақ балаларымен бірге ойнап бірге жүрген. Содан бұл жер орыс деректерінде Бородино, деп жазылады да қазақтар өздерінше Пакей (Фокей) деп атаған. Пакейдің бір баласының есімі Иов болған оны әке шешесі еркелетіп Иовушка деп атаған, оған тілі келмеген қазақтар «Лауешке» деп атап кеткен. Оның өзіде қазақтарға үйір, солармен дос болған. Бородиннің өзі де қазақтардың салт- дәстүрлерін ұстаған, тілін біліп, көбімен таныс, достық қарым қатынаста болған адам.Осы тұста Лауышке көлінің болғанын қазақтар Иовты Иовушко деп атап оның Лауешке аталуы осы. Құрманғазы тұрған жердегі Топай көлі мен Пакей қонысының арасы 3-4 ақ шақырым, уйлері адамдар да бір- біріне анық көрініп тұратын. Иов Фокеевич Бородин осылай Лауешке аталды. Лауышке Құрманғазымен құрдас қатар өскен, екеуі дос болды. Үйлеріде қатар тұрды. Құрманғазы осы досына арнап күй шығарған. Күй «Лауешке» деп аталады. Ол күйдің қашан шыққанын дөп басып айту мүмкін емес, дегенмен Пакей қонысында көрші болып тұрғанда шығарылуы әбден мүмкін. Осы жерде Пакейден 2км. жерде «Лауешке» деген көлшіктің болғанын да біліп экспедиция мүшелері дәлелдей алды. Одан әрі экспедиция Құрманғазы бабаның табаны тиген жер Қазталов ауданының Көктерек ауылына келіп тоқтады. Көктерек тарихи өлкетану музейінде болып, ауылдың, аудан тарихымен танысып, экскурсия тыңдалды. Осы ауылдағы Нарсойған сайына 30 түп - терек отырғызылды. Ондағы мақсат Ұлы күйшінің үйі турған жерді күтімге алып,"Кұрманғазы тоғайын" өсіруге бастамашы болу. Кешкі сағат 8-дерде ауылдағы орта мектепте «Күй атасы Құрманғазы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 25 сәуір. 2018ж. Ендігі бағыт Жиделі құмы одан әрі Құрманғазының туған жеріне аяқ басқан экспедиция осы жердің тарихына терең үңіліп, Құрманғазының қоныс тепкен жеріне етене ене түсті. 26 сәуір 2018жыл. Одан әрі сапарын жалғастырған экспедиция Қошалақ ауылы арқылы Құнанбай жері үстінен өттік. Мақаш әкім кесенесін де болып, құран бағыштады. Жұмекен Нәжмеденов ескерткішіне де тоқталды. Құрманғазы ауданы, Ж. Нәжмеден ауылында Дина Нұрпейісованың туысы болып келетін Нәсіп апай Нұрсұлтанова мен кездесіп ол кісіден сұхбаттастық. Нәсіп апаның руы Бесқасқа беріш екен, Туған жері Бекетай құмы Жаңақала ауданы. Нұрпейіс Мақаттың баласы Иса Төремұраттан туған сонда бұлар бел немере болатындығын айтты.Нәсіп апай әжесін дүниеге келместен бұрын Атырау облысы Индер ауданының тұрғыны күйші Сұмағұл Көшекбаев деген адам ел арасынан сондай дарында адамдарды іздеп Дина Нұрпейісованы Алматыға алып кеткенін айтты. Апайдың әжесі Аймаңдай мен Дина әже абысын болып келеді. Дина әженің өз архивінен фото суреттер алынды. Солардың ішінде ең құндысы Дина әженің Алматы қаласында тұрған кезіндегі түскен суреті. Дина Нұрпейісова әйел адамдармен дастархан басында отыр. Бұл сурет бұрын жарияланбаған. 27 сәуір 2018 жыл. Одан әрі сапарын жалғастырған экспедиция РФ. Қарабайлы ауданының территориясына кірді. Ахтубинка ауылында Сейтек ауылы деп те айтылады. Осы ауылда жатқан күйші Сейтек Оразәліұлының бейітіне барып, құран бағыштап тағзым етілді. Ақсарай Алтын Орданың астанасы болған Сарай Батуға да тоқталып, (Бұл Орда фильмін түсіру үшін орнатылған декарация) тарихты көрсетіп тұрған орында болынды. Аталмыш фильге декарация ретінде салынған десекте, көне қала тап сол кезеңді көрсетіп- ақ тұр. 28 сәуір 2018 жыл. Экспедиция Астрахан қаласына келіп жетті. Қалада Астраханский Кремльде болып аралап таныстық. Камызяк өзенінен пароммен арқылы өтіп Лебяжье ауылындағы күйші Құрманғазының шәкірті Ерғали Есжанов бейітінде болып, құран бағышталды. Ерғали Есжановтың немересі Иргалиев Бақыт Халелұлы экспедициямен бірге жүріп Е.Есжанов туралы әңгімеледі. Бұл жерде Есжановтың ұлы Камал жерленген. Бақыт атаның әкесі, тағы бір ұлы Халел Есжанов жерленген. Лебяжьеден шығып Володар ауданы Алтынжар ауылына келдік. Экспедиция Құрманғазы атындағы аймақтық мәдени орталыққа тоқтады. 29 сәуір 2018 жыл. Таңертең Құрманғазы бабаның кесенесі басына барылды, құран бағышталды . Кесененің тұрған орны, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы туралы музей экскурсоводының әңгімесі тыңдалды. Өте үлкен дарын иесі, тек күйші ғана емес, бойында басқалайда көптеген қасиеттер бар, үлкен бір құдыретті күштің иесі деседе болады.Бұл жерге Құрманғазы бабаның басына тәу етіп келетіндердің өте көп екендігі айтылды Одан әрі Мәдени орталықтағы Құрманғазы Сағырбайұлының музейінде болып экскурсия тыңдалды. Күйшінің туған жерінен апарылған топырақ музейге табысталды. Құрманғазы атындағы орталықтың ұйымдастыруымен үлкен салтанатты шара өтті. Күйші Дина Нұрпейісова 1924-37 жылдар аралығында Диановка ауылы тұрғындар (Диан) деп те атайды ауылда тұрған дегенді естумен Диановка ауылына барылды.Ауыл тұрғындарымен кездесіліп, әңгімелесілді. Бұл ауылда Дина Нұрпейісоваға жиеншар болып келетін Ахметов Меңдібай Нығыметұлы тұратынын анықтап, ол кісімен жүздесіп сұхбаттасылды. Дина Нұрпейісованың осы жерде тұрғадығы шындық, анықталды. Экспедиция түс ауа Душма өзенінен паром арқылы өтіп Сахма ауылына келді. Бұл ауылға келудің себебі осы жерде Құрманғазының бесінші ұрпағы болып келетін Құрманғазиев Темірхан ағаның отбасымен кездесіп әңгімелесу болды. Темірхан ағаның дүниеден өткеніне 6 жыл болған. Ол кісінің зайыбы Мияс Нағиымқызымен кездесудің сәті түсті.Ол отбасы Құрманғазы бабадан қалған азды көпті дүниені музейге тапсырғандықтарын айтты. Құрманғазы осы ауылда тұрып, осы жерде қайтыс болған. Бабаның ұрпақтарымен кездесіп олардың өз ауыздарынан Құрманғазы туралы азды көпті болсада ғибратты ғұмырдан естеліктер айтылды. 30 сәуір Экспедиция Орал қаласына келді. Сохранить

JavaScript is disabled!
To display this content, you need a JavaScript capable browser.

Западно-Казахстанский государственный университет им. М. Утемисова

Тіркелу

Жемчужины фонда

Смотреть все
Біздің сайт туралы қайдан білдіңіз?