Get Adobe Flash player

Басты мәзір

Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» фестивалі

2018 жылдың 19 сәуір күні Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің басшылығымен Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» облыстық фестивалі өткізілді.

Фестивальдің мақсаты: музей саласында тәжірибесімен алмасу, қазақстандық патриотизм мен ұлттық-мәдени бірлікті дамыту аясында ұлттық мәдениетті насихаттау және аймақтық мәдениет ұйымдарының имиджін нығайтуға бағытталған үздік әлеуметтік-мәдени және білім беру тәжірибелерін көрсету. Аталмыш фестиваль аясында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Батыс Қазақстан облысы музейлерінің іріктеу сыны өткізілді. Фестивальдың бірінші кезеңінен өткен Бөкей Ордасы тарихи-музей кешені, Бөрлі өлкетану музейі, В.И.Чапаев атындағы Ақжайық тарихи-өлкетану музейі, М.А.Шолохов мемориалдық музейі, С.Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі, Көктерек тарихи-өлкетану музейі, Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музей, Табиғат және экология музейлері қатысты. Байқауға қатысқан музейлерге баға беру үшін әділ қазылар алқасы құрамында «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы басшысының орынбасары Батырхан Жұмабаев, музей ардагері, тарихшы-өлкетанушы С.Танабаева, БҚО тарихи-өлкетану музейінің директоры М.Ерсаев болды. Музейлер алдымен «Рухани жаңғыру» тақырыбында көрме дайындап, оған экскурсия жүргізілді, екінші музейге келушілерді тарту мақсатында ролик дайындалды, үшінші ғылыми экспедициялар мен қорды толықтыру жұмыстары туралы айтылды. Байқау қорытындысы бойынша «Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей» - Бөкей Ордасы тарихи-музей кешені, «Үздік удандық маңызы бар мемлекеттік музей» – С.Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі, «Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері» – Жәңгір хан атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Төлепов Нұржан Жолдығалиұлы, «Үздік аудандық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері» – Бөрлі өлкетану музейінің меңгерушісі Сүйіндікова Алтынбөбек Маратқызы танылды. Фестивальдың жалғасы Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында жалғасып, үздіктер марапатталып, 21 мамыр күні Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күніне орай Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды. Сохранить

JavaScript is disabled!
To display this content, you need a JavaScript capable browser.

Западно-Казахстанский государственный университет им. М. Утемисова

Тіркелу

Жемчужины фонда

Смотреть все
Біздің сайт туралы қайдан білдіңіз?