Get Adobe Flash player

Басты мәзір

  • Домашняя страница
  • История музея
  • Законодательство
  • 3D галерея
  • Фотогалерея
  • Виртуальный тур
  • Видеогалерея
  • Карта проезда
  • Гостевая книга

"Салт-дәстүрім - таусылмайтын байлығым"

2018 жылдың 17 наурыз күні «Рухани жаңғыру» музейінде Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай "Салт-дəстүрім - таусылмайтын байлығым" атты мерекелік шара өткізілді.


Шараның мақсаты: қазіргі уақытта ұмыт болған салт-дəстүрлерді қайта жаңғырту және кеңінен насихаттау. Шара барысында тарих мамандығы студенттері дайындаған баяндамалар оқылып, бүгінде көнеріп қалған «шаншар», «жиенқұрық», «қыз қашар», «есік ашар», «тоқым қағар», «тізе бүгу», «атбайлар», «босаға байлау» сияқты салт - дәстүрлер туралы кеңінен айтылып, тарих кафедрасының меңгерушісі, этнограф А.Бижанова, тарих ғылымдарының кандидаты А.Байболсынова, археолог М.Калменов, БҚО тарихи-өлкетану музейінің директоры М.Ерсаев бүгінде салт-дәстүрлерді білу, оны отбасында қолдану, кейінгі ұрпаққа жеткізілуіне бүгінгі жастардың жауапты екендігі айтылды. Кейін музей қызметкерлері дайындаған "тұсау кесу" рәсімі көрсетілді. Шараны Д.Нұрпейсова атындағы саз мектебінің оқушылары, Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттері ән айтып, күй тартып берді. Сохранить

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту

JavaScript is disabled!
To display this content, you need a JavaScript capable browser.

Западно-Казахстанский государственный университет им. М. Утемисова

Тіркелу

Жемчужины фонда

Смотреть все
Біздің сайт туралы қайдан білдіңіз?
 
«  Ð¡ÐµÐ½Ñ‚ября 2018  »
ПВСЧПСВ
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930