Get Adobe Flash player

Басты мәзір

  • Домашняя страница
  • История музея
  • Законодательство
  • 3D галерея
  • Фотогалерея
  • Виртуальный тур
  • Видеогалерея
  • Карта проезда
  • Гостевая книга

«Наурыз нақыштары»

2018 жылдың 16 наурыз күні сағат 11.00 Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамына орай «Наурыз нақыштары » атты мәдени-көпшілік шара өтті.


Шараның мақсаты: Жас ұрпаққа бүгінде көнеріп қалған қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы кеңірек мағлұмат беру, насихаттау. Шараның басты нышаны: ұлттық дастархан, ұлттық киім(сән көрсетілімі), ұлттық ойындар болды. Шараға «Ару аналар» халықтық ансамблі, Құрманғазы атындағы саз колледжінің сәндік қолданбалы өнер және дизайн бөлімінің студенттері, музей қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Шуақты көктем мерекесі Наурыз мейрамы – түркі халықтарының көпшілігі үшін тіршіліктің бастауы, табиғаттың жаңаруы, мейірімнің, махаббаттың, молшылықтың және бауырмалдықтың нышаны. Сондықтан бүгінде мерекенің маңызын арттырып, қоғамдағы орнын айшықтай түсу үшін біз оның мазмұнын жақсы қырынан байытып, ұмытылып бара жатқан ұлттық салт - дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, ойындарымызды жаңғыртып отыруымыз қажет. Шара барысында әжелер ең алдымен «Наурыз» мерекесінің шығу тарихы туралы сөз қозғап, ән айтты. Одан кейін музей қызметкері шараның алғашқы нышаны қазақтың ұлттық дастарханы туралы айтып өтті. Әжелерге, көрермендерге Наурыз мерекесінің нышаны – наурыз көже ұсынылып, бауырсақтан ауыз тиді. Мерекелік шараның екінші нышаны ұлттық киім. Құрманғазы атындағы саз колледжінің сәндік қолданбалы өнер және дизайн бөлімінің студенттері ұлттық киімді насихаттау мақсатында сән үлгісін көрсетті. Сонымен қатар, шараның үшінші нышаны болған ұлттық ойындар бойынша көрермендер арасында ойындар ойнатылды. Сохранить

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту

JavaScript is disabled!
To display this content, you need a JavaScript capable browser.

Западно-Казахстанский государственный университет им. М. Утемисова

Тіркелу

Жемчужины фонда

Смотреть все
Біздің сайт туралы қайдан білдіңіз?
 
«  Апреля 2018  »
ПоВтСрЧеПяСуВо
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30