Get Adobe Flash player

Главное меню

  • Домашняя страница
  • История музея
  • Законодательство
  • 3D галерея
  • Фотогалерея
  • Виртуальный тур
  • Видеогалерея
  • Карта проезда
  • Гостевая книга

«Сахна саңлақтары»

6 наурыз күні Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында музей қорындағы жәдігерлер негізінде туғанына ҚСР Халық әртісі, актриса Е.Володарскаяның туғанына 100 жыл, Роза Жаманованың туғанына 90 жыл толуына арналған «Сәулесі сөнбес жұлдыздар» атты көрменің ашылу салтанаты және «Сахна саңлақтары», «Легенды сцены» тақырыбындағы мәдени-тағылымды шара өтті.

8-наурыз – біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы мерекесі. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек. Әйел-Ана - өмірдің өзегі, тіршіліктің күретамыры, ыстық ықылас, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен Елордамыздың мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. «Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ұлт та ұлы болмайды»- деген Ғабит Мүсірепов айтқан, кез келген елді ерекшелейтін мәдениеті мен әдебиеті, салт-санасы мен тарихы, рухани дүниетанымы екені даусыз. Ел ішінде өнер бар, өнерді тапқан шебер бар дейді дана халқымыз. Осы тұста Екатерина Володарская мен Роза Жаманованы ел мойындаған өнердің хас шеберлер деп ерекше айтамыз. Шараның қадірменді қонақтары ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қатимолла Жәңгірұлы Бердіғалиев, ҚР еңбек сіңірген әртісі Жұмағаным Әбілхалыққызы, А.Н.Островский атындағы орыс драма театрының актеры Руслан Джумахметовтар жастарға айтулы өнер иелері туралы естеліктерімен бөлісіп, жүрек жарды лебіздерін, ізгі тілектерін білдіріп, әйел-аналарды мерейлі мейрамдарымен құттықтады. Сондай-ақ М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті тарих факультетінің және Құрманғазы саз колледжінің студенттері қатысты Шараның өтуі барысында Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттері: Эльдар Сатқанов, Еламанов Аманболдың орындауларында «Ана», «Аяулы анашым» әндерін шырқалып, Кенжеғалиев Жұмағалидың орындауында «Қайран шешем» күйін М.Өтемісов атындағы БҚМУ- Өнер факультетінің студенті Ислам Мұрат «Анашым» әнін тарту етті. Шара соңында келген қонақтар музей ұжымымен естелік суретке түсті. Сохранить

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

JavaScript is disabled!
To display this content, you need a JavaScript capable browser.

Западно-Казахстанский государственный университет им. М. Утемисова

Регистрация



Жемчужины фонда

Смотреть все
Как вы узнали о нашем сайте?
 
«  Мая 2018  »
ПоВтСрЧеПяСуВо
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031