Get Adobe Flash player

Басты мәзір

«Рухани жаңғыру» музейі

«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК филиалы «Рухани жаңғыру» музейі

Музей «Рухани жаңғыру»

2017 жылдың ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ашылған музей. «Рухани жаңғыру» музейінің негізгі мақсаты – туған өлкені, жерді, ауылды, ондағы құндылықтарды қастерлеу арқылы жастарды елін сүюге, Отанын қастерлеуге тәрбиелеу. Музей төрт экспозициялық залдан тұрады. 1-зал: БҚО киелі жерлері деп аталады. Онда БҚО бойынша «Сакралды Қазақстан» атты Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енгізілген алты нысан: «Жайық» қалашығы, «Бөкей Ордасы» тарихи-музей кешені, Тақсай қорған кешені, Әулие Жұмағазы хазірет қорымы, Ғұмар Қараш зираты, Күнбатыс Алашорда үкіметі орналасқан ғимарат туралы сыр шертіледі. 2-зал: Ұлттық баспасөз тарихына арналған зал. Онда 1911-1913 жылдар аралығында Орда мен Орал қаласында шығарылған «Қазақстан» газетінің шығу тарихы. «Қазақстан» газетін шығаруға ат салысқан тұлғалар туралы баяндалады. 3-зал: Батыс Алаш Орда тарихына арналған залдан өткен ғасырдағы зиялылардың, соның ішінде Батыс Алашорда қайраткерлерінің тағылымды істерімен танысуға болады. 4-зал: Жаңарған өлке. Бұл зал Елордамыз Астана қаласының дамуы мен Орал қаласының бүгінгі жетістіктері туралы баяндайды.

  • Музей меңгерушісі: Мырзаболатова Асылжан Ғабдоллақызы
  • Мекен-жайымыз: БҚО, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 206/1
  • Телефон: 8(7112)
Музей «Рухани жаңғыру»
Музей «Рухани жаңғыру»
Музей «Рухани жаңғыру»

JavaScript is disabled!
To display this content, you need a JavaScript capable browser.

Западно-Казахстанский государственный университет им. М. Утемисова

Тіркелу

Жемчужины фонда

Смотреть все
Біздің сайт туралы қайдан білдіңіз?