Get Adobe Flash player

Главное меню

«От рукоделия к бизнесу» в декабре

Желтоқсан айында БҚО тарихи-өлкетану музейінде «Ел іші – өнер кеніші» атты жобасы аясында «Көкейімде бар әлем»- «От рукоделия к бизнесу» атты көрме өтті.


Көрмеге Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің жоғары санатты оқытушылары Н.А.Хамзин, М.Т.Жұмабекова, Ж.Жоңқарбаеваның туындылары: сәукелелер, гобелен «Петроглиф», Тәуелсіздік киімі, бисерден жасалынған картина, алаш қайраткері Ж.Досмұхамедов бейнеленген былғары картина т.б. жұмыстары және қолөнер шебері Г.Ергалиеваның газет түтікшелерінен тоқылған себеттер, сутаждан бұйымдар жасаумен айналысатын Р.Қайырғалиқызының бұйымдары, кәсіпкер Б.Мусиеваның табиғи материалдардан жасалған аяқ киімдері, тоқыма киімдері т.б. туындылары, жалпы саны 13 қолөнер шеберінің 300-ден астам туындылары қойылып, көрермен назарына ұсынылды. Шара барысында облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры алғы сөз сөйлеп, жобаның өту барысына тоқталды. Музейдің атқарып жатқан жұмыстары, «Рухани жаңғыру» музейінің ашылуы жөнінде айтып өтті. Шебер Нұрлан Амангелдіұлы мен Миргүл Меңдіханқызы да шарада сөз алып, жас ұрпаққа рухани байлық беретін осындай жобаны ұйымдастырушы музей ұжымына алғыстарын білдірді. Сохранить

JavaScript is disabled!
To display this content, you need a JavaScript capable browser.

Западно-Казахстанский государственный университет им. М. Утемисова

Регистрация



Жемчужины фонда

Смотреть все
Как вы узнали о нашем сайте?