Get Adobe Flash player

Главное меню

«Тәуелсіздік тағылымы»

2017 жылдың 25 желтоқсан күні БҚО тарихи-өлкетану музейінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына және ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі қорынан «Тәуелсіздік тағылымы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.


Көрменің мақсаты: Атырау облысы тарих-өлкетану мұражайының қорында жинақталған қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің баға жетпес жәдігерлерін таныстыру. Көрменің ашылу салтанатына БҚМУ ұстаздары мен студенттері, мәдениет қызметкерлері, музей қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Көрмеге Атырау қаласының құрылу тарихы, табиғаты, негізгі байлығы - балық өнімдерінің түрлері; Аралтөбе қорғанынан табылған алтын киімді сармат көсемінің алтын әшекейлерінің көшірмелері, Ортағасырлық Сарайшық қалашығынан табылған қол айналар, тиындар, моншақтар, шырағдандар, құбырлар, шығырлар мен құмыралар қойылды. Сонымен бірге көрмеден Мысыр елін билеген Сұлтан Бейбарыс, Абылай, Әбілқайыр, Жәңгір хандардың және халық батырлары С.Датұлы, И.Тайманұлы, М.Өтемісұлы мөрлерінің көшірмелері бар. Батыс өңірінің мәдениеті, өнері мен әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Қ.Сағырбайұлы, Д.Нұрпейісова, Р.Ғабдиев, Қ.Ахмедияров, Ә.Сәрсенбаев, Х.Ерғалиев, Т.Амандосов, Ж.Нәжіменов туралы ақпараттық деректер ,сондай-ақ сүйек, тері, ағаш, жез, зергерлік бұйымдар коллекциясы көрермен назарына ұсынылған. Сохранить

JavaScript is disabled!
To display this content, you need a JavaScript capable browser.

Западно-Казахстанский государственный университет им. М. Утемисова

Регистрация



Жемчужины фонда

Смотреть все
Как вы узнали о нашем сайте?