Get Adobe Flash player

Главное меню

«Рухани жаңғыру» музейі

2017 жылдың 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күні ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің басшылығымен, Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Орал қаласында «Рухани жаңғыру» музейі ашылды.

Музейдің ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі А.Көлгінов, Орал қаласының әкімі М.Мұқаев, БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев, тарихшы-өлкетанушы Ж.Ақбай, ақын А.Бақтыгереева, өлкемізге танымал тұлғалар, жергілікті тарихшылар және облыс орталығындағы мекеме басшылары, мәдениет қызметкерлері, студенттер, БАҚ өкілдері қатысты. Музейдің салтанатты ашылуында БҚО әкімі А.Көлгінов құттықтау сөз сөйлеп, осы музейге бас демеуші болған «Kaz Construction Croup» компаниясының бас директоры М.Мұхамедиевке зор алғыс білдірді. Кейін сөз алған мәдениет саласының ардагері, өлкетанушы Ж.Ақбай президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында республикада ашылып отырған алғаш музей екендігін атап өтті. Аталмыш музей төрт экспозициялық залдан тұрады: «БҚО киелі жерлері», «Ұлттық баспасөз тарихы», «Батыс Алаш Орда тарихы», «Жаңарған өлке» залдары. Сохранить

JavaScript is disabled!
To display this content, you need a JavaScript capable browser.

Западно-Казахстанский государственный университет им. М. Утемисова

Регистрация



Жемчужины фонда

Смотреть все
Как вы узнали о нашем сайте?