Get Adobe Flash player

Басты мәзір

Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған іс-шаралар

2017 жылдың 22 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің қолдауымен, БҚО мәдениет, архивтер, құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен облыстық қазақ драма театрында қолбасшы батыр, би, шешен, 1783-1797 жылдардағы Кіші жүз руларының орыс отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.


Конференцияда Қазақстандағы XVIII-XIX ғасырлардағы ұлт-азаттық көтерілістердің тарихы, деректері және Сырым Датұлының тарихи тұлға ретінде зерттелу мәселелері талқыланады. Айтулы іс-шараға жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ә.Сарай, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қ.Мұханбетқалиұлы, "Қазақконцерт" ұйымының директоры А.Маемиров арнайы шақырылды. Конференцияда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик С.Мәшімбаев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Әбілсейіт, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университеті, тарих ғылымдарының докторы, профессоры Т.Жумағанбетов, тарих ғылымдарының докторы, доценті Ұ.Ахметова, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Исмурзин, Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінің директоры Н.Төлепов, Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Сдыков қатысып, тарихи тұлғасы, мұрағаттардағы деректер, оның кезеңі туралы баяндамалар жасады. С.Датұлының 275 жылдығына арналған іс-шаралар 23 қыркүйек күні туған жері Сырым ауданында жалғасты.Аталмыш мерейтойға арналған іс-шаралар қатарында БҚО тарихи-өлкетану музейі қорының бағалы құндылықтарынан «Жайық қалашығы», «Алтын ханшайым», «Бөкей Ордасы тарихы», «Ер қаруы - бес қару» тақырыптары бойынша жәдігерлер үш киіз үй ішінде жабдықталып, көрмелер көпшілік көңілінен шықты.

JavaScript is disabled!
To display this content, you need a JavaScript capable browser.

Западно-Казахстанский государственный университет им. М. Утемисова

Тіркелу

Жемчужины фонда

Смотреть все
Біздің сайт туралы қайдан білдіңіз?